Тест тапсырушыға көмектесу үшін 400 мың теңге пара алған

Тест тапсырушыға көмектесу үшін 400 мың теңге пара алған

Тест тапсырушыға көмектесу үшін 400 мың теңге пара алған
ашық дереккөзі

Жемқорлықпен айналысқаны үшін айыпталған Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушыға жаза тағайындалды. 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұдан бұрын жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ж. Д. Базароваға қатысты тергеуді аяқтады. "Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директоры лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін одан алдап 400 мың теңге көлемінде қаражатын иемденіп, сенімін теріс пайдаланғаны үшін күдікті деп танылған", - делінген Агенттіктің хабарламасында. Биыл 6 желтоқсанда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж. Д. Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айырылып, Базароваға 3 млн теңге айыппұл салынды.