1 Желтоқсан, 19:32 284 0 Әлеумет Анар ЛЕПЕСОВА

Қазақстанда Елбасымен аттас қанша қыз бала бар?

Биыл елімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің есімі қанша балаға қойылды?  Бұл сауалға Елорда Инфо жауап іздеп көріпті. 

ҰЭМ Статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, Қазақстанда Елбасының 18 076 аттасы бар екен. Оның ішінде 1617-сі Нұр-Сұлтанда тұрады. Белгілі болғандай, 2019 жылы 41 шақалақты Нұрсұлтан деп атапты. 2015 жылы 205 бүлдіршінге Нұрсұлтан есімі қойылған екен. Бірақ соңғы бес жылда Тұңғыш Президенттің аттасы күрт азайған. Бұған шамасы Елбасының 2015 жылдың 29 сәуіріндегі инауграциясы себеп болған көрінеді. 2016 жылы туған балалардың 136-сына ғана Нұрсұлтан аты қойлған. 2017 жылы – 104, 2018 жылы – 67.Ал ел астанасының атауы өзгертілгелі бері Нұрсұлтандардың қатары 28 адамға көбейген.

Қазір әлемде өз балаларына ерекше есім беру, немесе қосарланған ат қою жаңа үрдіске айналып барады. Ал ұл балаға да, қыз балаға да келетін есімдер ешқашан ескірмейді. Мысалға алар болсақ, ұл балаларда Әйгерім, Салтанат есімдері кездесіп жатса, Арман, Бағдат, Жанат секілді аттар қыз балаларға да қойылады.

Бір қызығы, Қазақстанда қыздарға да Елбасының аты қойылыпты. Республикамызда бес Нұрсұлтан және екі Нұрсұлтана есімді қыз бар. Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ.

Қазақстанда аты-жөні Нұрсұлтан Назарбаев болып жазылған 56 адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар