18 Қараша, 10:37 301 0 Білім Анар ЛЕПЕСОВА

Қалдықтардан пласткірпіш жасап шығарған атыраулық оқушы инвестор іздестіруде

Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Ермек Кеңесов құрылыс материалының жаңа түрін – пласткірпішті ойлап тапты. Қазіргі таңда оқушы пласткірпішті кең көлемде өндіруді жоспарлауда, деп хабарлайды "Мой город".

Жасөспірімнің сөзінше, пластикалық қалдықтардың экологияға деген кері әсерін азайту үшін ол бұл мәселені шешудің өзіндік тәсілін ойлап тауыпты.

Алғашында жас өнертапқыш пластикалық заттардың физикалық және химиялық құрамы туралы ақпараттарды сараптаудан өткізген. Содан кейін ол пластикалық қалдықты үгітетін гидравликалық құрылғыны жасап шығарыпты. Артынша, пайда болған өнімнің физикалық қасиеттері тексеріліп, оның құрылыс материалы бола алатындығы анықталған.

«Сынақтың нәтижесінде пласткірпіштің суыққа төзімділігі, су өткізбейтнігі және беріктігі кәдімгі кірпіштен кем түспейдігі айқындалды», - деді Ермек Кеңесов.

Бүгінгі күні бұл құрылыс өнімін кең көлемде айналымға өткізу жоспарланған. Ол үшін өнертапқыш-оқушы қажетті инвестиция, шығындар мен кірістер көрсетілген бизнес-жоспар да жасап қойыпты.

Соңғы жаңалықтар