UWW басшысы Ненад Лалович Нұр-Сұлтанға келді

UWW басшысы Ненад Лалович Нұр-Сұлтанға келді

UWW басшысы Ненад Лалович Нұр-Сұлтанға келді
ашық дереккөзі
Қыркүйектің 11-нен 12-сіне қараған түні Біріккен күрес әлемінің басшысы, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Ненад Лалович Нұр-Сұлтанға келді деп хабарлайды Olympic.kz Нұр-Сұлтан қаласында 14 қыркүйек күні басталатын күрес түрлерінен әлем чемпионаты. Осыған дейін де UWW президенті Біріккен күрес әлемінің делегациясын бастап, әлем біріншілігіне дайындық жұмыстарын пысықтауға келген болатын. Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 14 қыркүйек күні күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталады. Онда спортшыларға 108 Олимпиадалық жолдама үлестіріледі. Жолдама 1-ден 6-шы орынға ие болған балуандарға беріледі. Кілемге бірінші грек-рим күресінің шеберлері, одан кейін бұрымды балуандар шығады. Әлем біріншілігін еркін күрес балуандары 22 қыркүйекке дейін қорытындылайтын болады.