Бурабайға барар жолда туристер мінген автобус апатқа ұшырады

/
Бурабайға барар жолда туристер мінген автобус апатқа ұшырады
видеодан скриншот

14 маусым күні сағат 13:10 шамасында Щучинск – Бурабай тасжолында Астана – Бурабай бағытымен келе жатқан туристік автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, демалушылар мінген Volvo маркалы автобус қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Changan маркалы жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соққыдан кейін автобус жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған.

Жол апаты кезінде автобуста Бурабай курорттық аймағына бет алған жолаушылар болған. Сондай-ақ соқтығыс салдарынан жеңіл көлікте отырған адамдар да зардап шекті.

Жалпы, оқиға салдарынан 11 адам жарақат алған: олардың тоғызы – автобус жолаушылары, екеуі – Changan көлігінде болған адамдар.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары