Маңғыстауда Джеки Чан қатысатын «Құдайдың сауыты 4» фильмінің түсірілімі басталды

/
Маңғыстауда Джеки Чан қатысатын «Құдайдың сауыты 4» фильмінің түсірілімі басталды

Батыс Қазақстанда «Құдайдың сауыты 4» фильмінің түсірілімі басталды. Картинаға Джеки Чан да қатысады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, киножобаның алғашқы кадрлары өңірдің бірегей табиғи ландшафттарында түсіріліп үлгерді.

Фильмнің негізгі түсірілім орындарының бірі – өзінің «Марсқа ұқсас» ерекше табиғатымен танымал Бозжыра шатқалы.

Бұған дейін Джеки Чан Алматы қаласына келген болатын. Кейін актер бұл сапары кезінде «түсірілімге қолайлы орындарды қарап шыққанын» айтқан.

«Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің режиссері қазақстандық Роберт Кун болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары