15 Тамыз 2019, 16:18 508 0 Жаңалықтар Túrkistan Gazeti

Президент УЕФА Суперкубогын табыстаған қазақстандық туралы пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА Суперкубогын табыстаған қазақстандық Әли Тұрғанбеков туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен матчтың жеңімпазын марапаттау салтанатына қатысты. Әли, сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын!», деп жазды Мемлекет басшысы.

Тэгтер УЕФА

Соңғы жаңалықтар