42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық төлем алды

42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық төлем алды

42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық төлем алды
ашық дереккөзі
Шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 589 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 376,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 368,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Бұл туралы Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Төлем 2 млн 382,8 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 376,8 мың қазақстандыққа аударылды. Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді. 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қосымша ақы үшін қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.