Францияда 70 жастағы ер адам кәріз құдығына түсіп кеткен кілтін алуға әрекеттеніп, қаза тапты. Қайғылы оқиға Страсбург маңындағы Лингольсхайм коммунасында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция мәліметінше, көршісі егде жастағы ер адамның кәріз құбырының түбіне түсіп кеткен кілттерін іздеп жатқанын байқаған. Оларды алу үшін зейнеткер тар тесікке басымен төмен қарай кірген.
Салдарынан ол құбыр ішінде тік қалыпта қысылып қалып, өздігінен шыға алмаған.
Оқиға орнына құтқарушылар келіп, ер адамды құбырдан алып шыққан. Алайда ол сол кезде тіршілік белгісін бермеген. Дәрігерлер оның қайтыс болғанын растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм шамамен 70 жаста болған және созылмалы аурулары болған.
Өлімнің нақты себебі әзірге белгісіз. Оның жарақаттан, тұншығудан немесе денсаулығының кенет нашарлауынан көз жұмғанын сараптама анықтайды.
Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастады. Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайын анықтау үшін оқиға орнынан қажетті үлгілер алынған.