Қазақстан қоғамдық даму институты «Jibek Joly» телеарнасы ұйымдастырып жатқан командалық теледебаттың екінші кезеңінен кейін сауалнаманың аралық қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көрермендер эфир барысында экранның төменгі бөлігінде көрсетілген QR-кодты сканерлеу арқылы өздеріне ұнаған партия өкілдерінің ұстанымы мен жауаптарына дауыс берген.
Көрермендер дауыс беруінің аралық нәтижесі бойынша бірінші орында — «Әділет» партиясы. Сауалнамаға қатысушылардың 59,5%-ы осы партия өкілдерінің ұстанымын қолдаған.
Екінші орында «Ауыл» партиясы – 14,4%, үшінші орында Respublica – 12,1%.
Одан кейінгі орындарда Қазақстан Халық партиясы — 4,2%, ОСДП — 3,7%, «Ақ жол» — 3,4% және «Байтақ» — 2,1% тұр.
Ал сауалнамаға қатысқандардың 0,6%-ы «Ешқайсысы ұнамады» деген жауапты таңдаған.