«Ауыл» партиясы Түркістан тұрғындарымен өңірдің өзекті мәселелерін талқылады

/
«Ауыл» партиясы Түркістан тұрғындарымен өңірдің өзекті мәселелерін талқылады
«Ауыл» партиясы

Бүгін Түркістан қаласында «Ауыл» партиясының Құрылтайы депутаттығына кандидаттардың сайлауалды науқаны аясында қала тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірлерді дамыту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру және азаматтарды алаңдатқан әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыланды.

«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов партияның басты мақсаты азаматтардың күнделікті өмірінде нақты сезілетін шешімдер ұсыну екенін атап өтті. Оның айтуынша, жұмыспен қамту, табыс деңгейі, білім беру, инфрақұрылым, азық-түлік қауіпсіздігі, кәсіпкерлік және әлеуметтік саясат өзара тығыз байланысты.

«Ауыл» партиясы үшін өңірлердің орнықты дамуы маңызды бағыттардың бірі екеніне тоқталған Қайрат Айтуғанов мықты өңір ең алдымен адам мен оның отбасы өз болашағына сеніммен қарайтын орта болуы тиіс екенін жеткізді.

ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясының бағдарламасындағы азық-түлік қауіпсіздігі, отандық өндірісті дамыту және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қатысты мәселелерге тоқталды. Ал кандидат Айбек Қуатбаев адами капиталды дамыту, сапалы білім беру және заманауи құзыреттерді қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Кездесуде «Ауыл» партиясының кандидаттары Түркістан тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Тұрғындар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі, білім беру және инфрақұрылым мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар «Ауыл» партиясы өкілдері кәсіпкерлікті дамыту және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау бағыттарына да тоқталды. Қатысушылар арасында өңірдегі экономикалық белсенділікті арттыру мен тұрғындардың өмір сапасын жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

«Ауыл» партиясының өкілдері кездесуде айтылған ұсыныстардың маңыздылығын атап өтіп, тұрғындар көтерген мәселелерді алдағы жұмыс барысында ескерудің қажеттігін жеткізді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, «Ауыл» партиясы кандидаттары мен Түркістан тұрғындары арасында бірқатар өзекті мәселе бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар