Автобус жолаушылары маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып өлтірді

Автобус жолаушылары маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып өлтірді

Автобус жолаушылары маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып өлтірді
ашық дереккөзі
Францияда автобус жолаушылары маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып өлтірді, деп хабарлайды Le Parisien. Оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Байонн қаласында болған. 58 жастағы Филипп Монгильо есімді жүргізуші автобусқа кіріп келген 5 адамнан тұратын топтан маска киюді талап еткен. Олар маска киюден бас тартып қана қоймай, жүргізушіге билеттерін де көрсетпеген. Ел үкіметінің қаулысы бойынша қоғамдық көлікте жолаушылардың барлығы бетперде киюге міндетті. Полицияның дерегінше, жүргізуші қатты соққыға жығылып, басынан ауыр жарақат алған. Ер адамды тепкінің астына алғандардың барлығы да автобустағы бейнебақылау жүйесінің арқасында көп ұзамай ұсталды. Осы оқиғаға наразылық ретінде жәбірленуші жұмыс істейтін компанияның ондаған жүргізушісі жұмысқа шығудан бас тартты. Олар депоға жақын күндері оралмайтындарын мәлімдеді. Салдарынан Chronoplus автобус желісінің тоғыз жолының қызметі тоқтап қалды.