3 Шілде, 18:35 522 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

Аптап ыстық: Қазақстанның төрт өңірінде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК 4 шілде күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 

Атап айтқанда, Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі жоғары болады. Атырау қаласында күндіз 36-38 ыстық болжанады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Еске сала кетейік, Синоптиктер бұған дейін Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында ескерту жариялаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар