26 Маусым, 17:16 353 0 Нұр Отан Арайлым Бимендиева

Жымпиты ауылының көшелері жөнделді

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округінің автокөлік жүретін Қазақстан, Досмұхамедов, Жұмалиев, Байжанов және Мендалиев көшелерінің жолдарын жөндеуден өткізу туралы Жымпиты сайлау округінің депутаты А.Дуйсенгалиев пен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Т.Төреғалиевтың атына өтініш түскен болатын.

Мамыр айынан бастап ауылішілік жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстарының құны – 224,5 млн теңге. Бүгінде 21 жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы еңбекке 7 адам тартылды.

Іс сапар барысында аудандық филиал төрағасы Т.Төреғалиев мердігермен және жұмысшылармен сөйлесіп, жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Ауыл тұрғындары жолдардың жөнделіп жатқанына қуанышты.

Соңғы жаңалықтар