Қызылорда облысында базар өртенді (видео)

Қызылорда облысында базар өртенді (видео)

Қызылорда облысында базар өртенді (видео)
ашық дереккөзі
Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде базар өртеніп, сауда орнынан шыққан өрт 2 мыңнан астам шаршы метр аумақты шарпыды.  Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызыл жалын «Ер-Нұр» базары аумағында орналасқан «Нұр» асханасында тұтанған. Одан кейін асханаға жақын маңда орналасқан «Орынай», «Ақбота», «Арзан» сауда үйлері мен шаруашылық заттарын сататын «Баянсұлу» және екі азық-түлік дүкенін шарпыған. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 маманы және 3 техника жедел жеткен. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Тілсіз жаудың шығуына электр жүйесінің тұйықталуы себеп болған. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=1xnGzhx98VQ&feature=emb_logo