28 Мамыр, 18:24 1171 0 Спорт Анар ЛЕПЕСОВА

Сауль Альварес қазақ боксшысымен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Boxingnews24.com сайтының спорт шолушысы Шон Джонс қыркүйек айында жоспарланған жекпе-жекте Мексиканың бұрынғы әлем чемпионы Джайме Мунгия мен оның отандасы Сауль Альварес арасындағы болуы мүмкін жекпе-жекті талдай отырып, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының да (13-0 , 9 КО) атын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист бірнеше боксшының атын атай отырып, қазақстандық жекпе-жек шеберінің де атын атауды жөн көрді. Джонс негізінен Айдостың жеңілмегенін алға тартып отыр.

Еске сала кетейік, 28 жастағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы - екінші орта салмақтағы (168 фунт) үш чемпиондық белбеу - WBC Asian, WBA International және WBO Global иегері. Айдос соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 21 желтоқсанында Красноярскіде өткізді. Сол кеште ол 8-раундта венесуэлалық Омар Гарсияны (15-3, 12 КО) жеңген еді .

Соңғы жаңалықтар