«Ауыл» партиясының кандидаты Абай облысындағы аяқ киім фабрикасының ұжымымен кездесті

/
«Ауыл» партиясының кандидаты Абай облысындағы аяқ киім фабрикасының ұжымымен кездесті
«Ауыл» партиясы

Абай облысында «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Балнұр Ахметова аяқ киім фабрикасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған отандық өндірісті дамыту, еңбек адамының мәртебесін арттыру, жұмыс орындарын сақтау және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

«Ауыл» партиясының кандидаты Балнұр Ахметова кәсіпорынның жұмысымен танысып, еңбек ұжымының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады. Кәсіпорын қызметкерлері өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу барысында «Ауыл» партиясының өкілі өндірістің тұрақты жұмыс істеуі өңірдегі жұмыспен қамтуға және экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Фабрика қызметкерлері еңбек жағдайы, өндірісті дамыту және кәсіпорынның тұрақты жұмысына қатысты мәселелер бойынша пікір білдірді. «Ауыл» партиясының өкілі көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасып, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы өндіріс пен еңбек саласына қатысты бағыттар жөнінде қосымша ақпарат берілді.

Іс-шара соңында «Ауыл» партиясының кандидаты кәсіпорын ұжымының ұсыныстары мен пікірлерін назарға алудың маңыздылығын атап өтті. «Ауыл» партиясы өкілдерінің еңбек ұжымдарымен мұндай кездесулері өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар