Respublica партиясы БҚО-да техника өндіретін мамандармен өзекті мәселелерді талқылады

/
Respublica партиясы БҚО-да техника өндіретін мамандармен өзекті мәселелерді талқылады
Respublica партиясы

Respublica партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстандағы 70 жылдан астам тарихы бар «УральскАгроРеммаш» АҚ кәсіпорнына барды. Кәсіпорын өрт сөндіру, арнайы және ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруге маманданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесуге Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Махамбет Амангелді, Айдос Досқалиев және Ерболат Мұхамеджан қатысты. Тараптар өндірісті қолдау, салық реформасы, отандық өндірушілерді қорғау және кадр тапшылығы мәселелерін талқылады.

Respublica атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Айдос Досқалиев өнеркәсіпті дамыту мен кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігіне тоқталды. Оның айтуынша, кез келген өндірістің артында нақты адамдар, олардың отбасылары мен болашағы тұр.

«Respublica қатарындамын, себебі партияның көзқарасы – уәдемен шектелмей, нақты нәтижеге қол жеткізу – менің де ұстанымым. Негізгі ұсыныстарым – МӘМС жүйесінің тиімділігін арттыру, цифрландыруды дамыту және жоғары технологияларды қолдау», – деді ол.

Құрылтай депутаттығына кандидат, Respublica партиясының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Махамбет Амангелді кадр тапшылығы мен басқару сапасына назар аударды. Оның пікірінше, нақты сектордың тұрақты дамуы кәсіби мамандарға және тиімді басқаруға байланысты.

«Respublica – кәсіпкерлер партиясы. Біз нақты сектордың мәселелерін іштен білеміз. Біз қабылдайтын заңдар 20 миллион адамның өміріне әсер етеді. Сондықтан мұнда қателесуге болмайды», – деді Махамбет Амангелді.

Кездесу барысында кәсіпорын ұжымы өндірісті дамытуға, мамандар даярлауға және отандық кәсіпорындардың жұмысын тұрақтандыруға қатысты ұсыныстарын білдірді.

Respublica партиясының өкілдері еңбек ұжымдары көтерген мәселелерді жинақтап, оларды заңнамалық деңгейде шешу бағытында жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Respublica бағдарламасында өндірісті дамыту, отандық өндірушілерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау басым бағыттардың бірі ретінде белгіленген.

Кездесу Respublica-ның еңбек ұжымдарымен ашық диалог орнату бағытындағы жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берді. Партия өкілдері өңірлердегі кәсіпорындардың нақты ұсыныстарын ескеріп, оларды тиісті заңнамалық бастамаларға енгізуге ниетті екенін жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар