Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай үлкен марапатқа ие болды

/
Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай үлкен марапатқа ие болды
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық танымал боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай І дәрежелі Құрмет белгісімен марапатталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спорт күніне орай Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінде спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттауға арналған салтанатты шара өтті.

Назым Қызайбайға бұл марапат Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі мен спорт саласындағы еңбегі үшін табысталды.

Марапатқа ие болғандардың қатарында бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшелері, ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбай да бар. Олар да І дәрежелі Құрмет белгісін иеленді.

Сонымен бірге қазақстандық бокстың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар маманның еңбегі еленді. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Асқар Еркебаев, әйелдер құрамасының жаттықтырушысы Елдос Сайдалин және Алматы әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Долқұнжан Кәмеков марапатталды.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – Қазақстан әйелдер боксының ең танымал өкілдерінің бірі. Ол әлем чемпионаттарында үш рет жеңімпаз атанып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар