Түркістан облысының Сайрам аудандық соты жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты қылмыстық істі қарады. Сотталушы жүктілігін туыстарынан жасырып, босанғаннан кейін сәбиді шұңқырға тастаған деп танылды, деп turkystan.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот материалдарына сәйкес, әйел 2025 жылдың сәуірінде жүкті болған. Ол жүктілігін жақындарынан жасырған, медициналық есепке тұрмаған және дәрігерлердің бақылауынан өтпеген.
2025 жылдың желтоқсанында жүктіліктің тоғызыншы айында ол Сайрам ауданындағы үйінің ауласында орналасқан дәретханада тірі бала босанған.
Соттың мәліметінше, босанғаннан кейін әйел жаңа туған сәбиді дәретхана шұңқырына тастаған. Бұдан кейін нәрестені құтқаруға әрекет жасамаған және босану фактісін жасыру мақсатында оның үстіне құм, тас пен топырақ төккен.
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады. Мемлекеттік айыптаушы оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Сот әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.