"Жырқылдап ән айтатын уақыт емес": Мейрамбек Бесбаев халықты жауапкершілікке шақырды

"Жырқылдап ән айтатын уақыт емес": Мейрамбек Бесбаев халықты жауапкершілікке шақырды

"Жырқылдап ән айтатын уақыт емес": Мейрамбек Бесбаев халықты жауапкершілікке шақырды
ашық дереккөзі
257
Қазақтың белгілі әншісі, «МұзАрт» тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарды әлемді жайлаған індетке салғырт қарамай, мемлекет енгізген шектеу шараларын жауапкершілікпен орындауға шақырды. «Елімізге келген аты жаман вирустың қаупі өте күшті болып тұр. Біз әлі де мән бермей жүрген сияқтымыз. Үкімет барлық іс-шараны толығымен тоқтатты. Жекелеген той- томалығымызды да кейінге қалдырғаны дұрыс болды. Қуанышымызды бөлісеміз деп жүріп, қайғыға ұрынып қалмайықшы. Осы сынақтан аман-есен өтіп алудың амал-шартын қарастырғанымыз жөн», - деп жазды әнші Instagram желісінде.  width= Сондай-ақ, Мейрамбек Бесбаев коронавирусты күлкіге айналдырып жүргендердің әрекетін сынға алды. «Ағайын-туғанның амандығын ойлайық. Дәл қазір коронавирусты күлкіге айналдырып, әзіл айтатын, жырқылдап ән салатын уақыт емес. Айтылып және жазылып жатқан кеңестерге құлақ түрейік. Мен үшін қазағымның амандығы бәрінен жоғары. Әлемнің алпауыт елдерін жайпап келе жатқан індет шындап кіріссе бізді де аямайды. Құдай бәрімізге қуат беріп жақсы күнде жолығуды жазсын!», - деп аяқтады сөзін. Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі композитор, әнші Марат Омаровтың «Коронавирус, кет!» деп ән салған видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары