196
Қытайда соңғы тәулікте 16 адамнан коронавирус анықталды
Қытайда соңғы тәулікте 16 адамнан коронавирус анықталды
Қытайда соңғы тәулікте 16 адамнан коронавирус анықталды. Елдің 14 тұрғыны дерттен көз жұмды.
Соңғы 24 сағатта 838 науқас оңалып, ауруханадан шығарылды.
Қытай мамандары ел індет таралуының шарықтау шегін еңсерді деп мәлімдеді. Алайда АҚШ мамандары Қытайда CODID-19 эпидемиясының екінші толқыны басталуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Белгілі америкалық дәрігер-инфекционист Энтони Фаучидің айтуынша, мұндай жағдай жарияланған карантинді алып тастағаннан кейін болуы ықтимал.
Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жетті. Соңғы тіркелген науқас – 2008 жылы туған қыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, ол Германиядан ұшып келген.
Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен бүгіннен бастап елімізде төтенше жағдай режимі енгізілді. ТЖ режимі 15 сәуірге дейін жалғаспақ.