Төтенше жағдай: Азық-түлік сатпайтын базарлар 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді

Төтенше жағдай: Азық-түлік сатпайтын базарлар 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді

Төтенше жағдай: Азық-түлік сатпайтын базарлар 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді
ашық дереккөзі
186
Президенттің елде төтенше жағдай жариялауына және халықтың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі елдегі сауда нысандарының жұмысына қатысты бірқатар нұсқаулар берді.  «Біріншіден, ірі сауда нысандары таңғы сағат 10-нан кешкі 18:00 дейін ғана жұмыс істегені жөн. Осы аралықта санитарлық қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сауда орталығының аумағындағы кинотеатр, балалар орталығы, кез келген ойын-сауық алаңдары жабылады. Азық-түлік дүкендері, супермаркеттер және азық-түлік базарлары қалыпты режимде жұмыс істей береді. Тек санитарлық дезинфекциялық шаралар күшейтіледі. Нан және кондитер өнімдерін сырты қапталған күйінше сатқан дұрыс. Екіншіден, азық-түлік сатпайтын базарлар таңғы 11:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істегені дұрыс» делінген министрлік хабарламасында. Министрлік санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі басқа да ақыл-кеңесін кейінірек қосымша хабарлайды.  

Серіктес жаңалықтары