332
Өзбекстанда коронавирус жұқтырудың 3 жаңа дерегі тіркелді
Өзбекстанда коронавирус жұқтырудың 3 жаңа дерегі тіркелді
Өзбекстанда коронавирус жұқтырудың 3 жаңа жағдайы анықталды. Бұл туралы ӨзА агенттігі хабарлады.
15 наурызда Өзбекстанның Вирусология ғылыми зерттеу институтында 11 наурыз күні Франциядан келген Өзбекстан азаматынан COVID-19 коронавирусы табылған болатын. Елдің денсаулық сақтау министрлігі науқастың ұлы мен қызына да вирус жұққанын растады.
Бұдан бөлек, 15 наурыз күні Ташкент уақытымен 05:15-те «Uzbekistan airways» әуе компаниясының Ыстанбұл-Ташкент бағытындағы 274-рейсімен келген Өзбекстан азаматынан да жаңа коронавирус инфекциясы табылған. Осылайша Өзбекстанда науқастар саны төртке жетті.