366
Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды
Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Денаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9-ға жетті. Вирус Алматы қаласына Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қыз баладан табылды. Қазір Алматыда вирус жұқтырғандар саны - 7, ал – елордада – 2. Барлығы 9 адам», - деді Диас Ахметшәріп.
Еске сала кетсек, бүгін сағат 13.00-де «Хабар 24» арнасында онлайн режімде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.