244
Ресейде Путиннің бесінші рет сайлауға қатысуына мүмкіндік беретін заңға қол қойылды
Ресейде Путиннің бесінші рет сайлауға қатысуына мүмкіндік беретін заңға қол қойылды
Ресей басшысы Владимир Путин Конституцияға түзету ензігу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Құқықтық ақпарат порталында жарияланған құжатты Конституциялық сот қарап, жалпыхалықтық референдумда дауыс беруге шығаруы тиіс.
Құжатқа енгізілген өзгеріске сәйкес, Конституциядағы "бір адам қатарынан екі реттен артық президент бола алмайды" деген сөйлем өзгерген. Бұл елдің қазіргі президенті 67 жастағы Владимир Путинге бесінші рет сайлауға қатысуына мүмкіндік береді.
Қолданыстағы Конституция бойынша Путин 2024 жылы президент сайлауына қатыса алмайды.
Жаңа өзгерістер билік тармақтары арасында өкілетті басқаша бөлуді көздейді. Атап айтқанда, президент негізгі заңда өзі қалпына келтірген мемлекеттік кеңестің статусы мен рөлін бекітуді ұсынады. Бұған қоса, Ресей Конституциясының халықаралық заңнамадан жоғары тұрғанын бекітуді ұсынады.
Айта кетейік, Владимир Путин 1999 жылы тамыздың 16-сы күні Ресей премьер-министрі болып тағайындалды, 2000 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Ресей президентінің міндетін атқарды, 2000 жылдың наурызында Ресей президенті болып сайланды. 2008 жылдан бастап төрт жыл Ресей үкіметін басқарды. 2012 жылы қайтадан Ресей президенті болып сайланды. Қазірге дейін ол президент қызметінде 17 жылға жуық отырды.