Коронавирус: Италияда 1,5 мыңға жуық адам көз жұмды

Коронавирус: Италияда 1,5 мыңға жуық адам көз жұмды

Коронавирус: Италияда 1,5 мыңға жуық адам көз жұмды
ашық дереккөзі
1008
Соңғы дерек бойынша әлемнің 138 елінде 147 697 адамға коронавирус жұққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Дерт ошағы – Қытайда вирустың таралуы айтарлықтай бәсеңдеді. Елде бір тәулікте 11 оқиға тіркелген. Жалпы, Қытайда 80 824 адам коронавирус жұқтырып, оның 3 189-ы қайтыс болды. Стационарларда 12 094 науқас ем алып жатса, 65541 адамның жазылғаны белгілі. Әлемнің өзге елдерінде 66 873 (круиз лайнерін қоса алғанда) адам вирус жұқтырып, оның 2 239-ы қаза болды. Бұл ретте 1 «А» санатына жатқызылған Италиямен 1 «Б» санатындағы Испанияда коронавирус өршіп тұр. Италияда бір тәулікте вирус жұқтырған 2 547 адам анықталды. Вирус жұқтырғандығы нақтылаған науқастар саны - 17 660 адам, қаза тапқандар 1 439. Испанияда 5 232 адам вирус жұқтырып, 133 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғанын расталған адамдар саны - 2 086. Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдап жатқанын айтып, қазақстандықтарды сабырға шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша, жағдай толық бақылауда. 

Серіктес жаңалықтары