Медициналық маскаларды жеткізу мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Медициналық маскаларды жеткізу мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Медициналық маскаларды жеткізу мәселесі қалай шешіліп жатыр?
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков елордада медициналық маскаларды қайдан алуға болатынын айтып берді. ҚазАқпараттың мәліметінше, ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Зекен Искаков: «Қазіргі уақытта қала бойынша қалған маскалар саны – 13 626. Бұл маскалар «Биосфера» дәріханалар желісінде сатылып жатыр. Кеше ғана «Фармация» ӘК желісі бойынша 88 мың маска келіп түскенін айтқанмын. Маска мәселесі бар. Бұл түйткіл шешіліп жатыр», – деді. Сонымен қатар департамент басшысы сауда орындары мен адамдар көп шоғырланған жерлерді тазалауға қатысты пікірін білдірді. «Бұл сол орындардың иелері атқаруға тиісті шаралар. Ережесі нақты жазылған. Ол – бірнеше мәрте дымқыл тазалық және басқа да шаралардан тұрады. Департамент осы шаралар бойынша мониторинг жүргізіп отыр. Бұл жұмыстар біздің тарапымыздан күшейтіледі», – деді Зекен Исаков.