Наурыз мерекесінде теракт ұйымдастырмақ болған – ҰҚК

Наурыз мерекесінде теракт ұйымдастырмақ болған – ҰҚК

Наурыз мерекесінде теракт ұйымдастырмақ болған – ҰҚК
ашық дереккөзі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында лаңкестік әрекеттің алдын алды. ҰҚК ресми сайтында хабарланғандай, 13 наурыз күні Алматы қаласында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «ДАИШ» халықаралық террористік ұйымының (Қазақстанда тыйым салынған) идеологиясын ұстанушы қолға түсті. Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын тойлау кезінде халық көп жиналатын жерлерде теракт ұйымдастырмақ болған деген күдікке ілініп болып отыр. Тергеу барысында одан екі әскери граната тәркіленген.

Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу жалғасуда.