жексенбі, 20 сәуір, 2025

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады

/
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады 14 наурыз күні фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі. Еліміздің тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі түнде кей жерлерде 18 м/с, күндіз 23-28 м/с жетеді. Ақмола облысында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 23-28 м/с артады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында түнде желдің күші 17-22 м/с артады. Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жететіні болжанады. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерін тұман басады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Бөлісу: