Қазақстан азаматы Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырды

Қазақстан азаматы Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырды

Қазақстан азаматы Германияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырды
ашық дереккөзі
Германияда Қазақстан азаматы коронавирустың жаңа түрін жұқтырды, оның отбасы карантинге жатқызылды, – деп жазды ҚазАқпарат. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров: «Германиядағы Қазақстан Елшілігіндегі дипломаттардың біріне ата-анасының қонаққа барғанын растаймыз. Олар Еуропада жеке сапармен жүрген. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус жұқтыру белгілері байқалып, ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсарып, жеке палатадан жалпы палатаға ауыстырылды. Оның әйелі мен ұлы неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинге жатқызылды. Бұған дейін, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті. Сондай-ақ, коронавирус жұқтырған үшінші адам елордада тіркелді. Науқас Милан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына 12 наурыз күні келген.