Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Коронавирус: Оңтүстік Кореяда 2 мыңға жуық науқас ауруханаға жату үшін кезекте тұр

Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында коронавирустың жаңа түріне шалдыққан екі мыңға жуық науқас үйлерінде емделуге мәжбүр. Өйткені жергілікті ауруханаларда оларды жатқызатын орын жоқ.

Ел билігі коронавирустың таралу қарқынын дұрыс болжай алмағандықтан, науқастар кезек күтуге мәжбүр болғанын мойындады, деп жазады life.ru. 

— Тэгу қаласында коронавирус жұқтырған 1800-ге жуық адам ауруханаға немесе арнайы емдеу орталығына орналасу үшін кезек күтуде. Жағдайды алдын ала бағамдап, вирустың таралу ауқымын болжай алмағанымыз үшін кешірім сұраймын, – деді елдің денсаулық сақтау вице-министрі Ким Ган Нип.

Айта кетейік, соңғы дерек бойынша, Оңтүстік Кореяда CoVID-2019 инфекциясына шалдығудың 4812 жағдайы тіркелген. Дерт құрбандарының саны 29 адамға жетті.

Ал Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 2943-ке жетті. Елде вирусты 80 151 адам жұқтырған. Олардың 47 204-і аурудан айықты. Өткен тәулікте 2,8 мың адам ауруханадан шығарылған.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button