Азаматтық алудың машақаты

Азаматтық – жер бетінде тіршілік еткен әрбір адамның белгілі бір елде өмір сүруіне хақылы екенін және сол елдің заңды азаматы екенін айқындайтын басты құжат. Әйткенмен дүниежүзіндегі әрбір жанды-жансыз заттың, тіптен үй жануарының да тиісті құжаты бар. Заңды құжаты бар әрбір заттың  өз хақысы да белгіленген. Сондықтан да кез келген елдің азаматтық құжатын алу – абыройлы міндет. Олай дейтініміз азаматтық құжаты жоқ адамның қоғамдық статусы және әлеуметтік мүмкіндігі төмен. Себебі азаматтық –  адамның құқықтары мен міндеттерінің жиынтық  ұғымын білдіретін құжат. Тіптен адам қолындағы азаматтығынан айырылып қалуы да мүмкін (әрине, заңда көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда). Сондықтан да азаматтық құжаттың қаншалықты киелі һәм маңызды екені түсінікті.

Қазақстан азаматтығын алу туралы заң бойынша кім­дер аза­мат­тық ала алады, кімдер ала ал­майды деген мәселе емес, біз бұл ма­қалада шетелден көшіп кел­ген эт­никалық қазақтардың аза­мат­тық алу мәселесін сөз етпекпіз. Себебі 1991 жылдан бері атажұртқа орал­ған ағайынның ең басты «бас ау­руы» – азаматтық алуы. Бұл про­цес­­тің машақаты мен кедергілері көп. Әр жылдар әртүрлі жеңілдіктер жа­салды. Заң жобалары да ұзақ зерт­теліп, түзетулер мен толық­тыру­­лар енгізілді. Қоғамда жиі тал­­қылауға түсті. Бірақ қандас­тар­дың азаматтық алу мәселесі әлі жеңілдеген жоқ.

Бұған дейін жазылған бас­па­сөз бет­теріндегі деректер мен құзырлы орындардың берген мәліметтеріне сүйенсек, азаматтық ала алмай жүр­ген қандастарымыз әлі де көп. Өткен 2-3 жылғы мәлі­мет­терге көз жүгіртсек, 2017 жылы Еңбек және ха­лық­­ты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Көші-қон комитетінің өкілі Бағлан Қасеновтің айтуынша, 2 мыңдай оралман куәлігінің мер­зімі өтіп кеткен.

2018 жылы қарашада Парла­мент депутаттары қандастардың аза­маттық алу мәселесін жеңіл­де­тілген тәртіппен шешу туралы Үкі­­мет­ке хат жазып, депутаттық сауал жолдаған. Депутаттық сауал­да «Азаматтық ала алмай жүрген қандастардың саны 7 мыңға жуық екені» айтылған.

Екі цифрдың да аз көрсеткіш емес екені белгілі. Жеті мың тағ­дыр, жеті мың мәселе. Алайда 2019 жы­лы наурыз айында оралман мәр­­те­бесінің уақытын ұзарту ту­ралы Тұңғыш Президент Н.Назар­баев­­тың жариялаған бір жылдық мора­то­рийі – жоғарыда айтылған аза­мат­тығы жоқ қандастардың кө­бі­нің аза­маттыққа ие болуына оң ық­па­лын тигізді.

Бұған газеттің қандастарға арналған ATAJURT  жобасы ая­сында өңірлерді аралап, азамат­тар­дың тыныс-тіршілігімен танысу барысында нақты көз жеткізген едік. Елбасының оралман мәртебе­сін ұзарту туралы бастамасының ая­сын­да бір ғана Қарағанды облы­сын­да мыңға жуық қандас азамат­тық алған.

Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министр­лігі­нің өткен жылдың 26 тамызда жариялаған мәліметі бойынша, акция шеңберінде елімізде 5 789 эт­никалық қазақ «оралман мәр­тебесі» куәлігінің мерзімі ұзар­тыл­ған. Оның 4 909-ы азаматтық алуға құжаттарын тапсырған.

Егер бұл акция жарияланбаса қаншама қандастардың аза­маттық алу мәселесі және азамат­тар­дың әлеуметтік жағдайы қиын­дай түсері сөзсіз еді. Сондықтан да мұн­дай жеңілдіктің аса қажет еке­нін дәлелдеу үшін бұдан басқа қан­дай мысал келтіруге еді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев президенттік міндетті қа­былдаған­нан кейінгі мәлім­деме­сінде Көші-қон саясатында Елбасы­ның ұстан­ған бағытын жалғас­тыра­тынын жеткізген болатын.

«Қандастарды қағазбастылық­тан, бюрократиядан мейлінше арылту үшін Елбасы жариялаған ак­ция әлі де жалғасын табуы қа­жет», – дейді көші-қон саласы­ның бі­лікті маманы Талғат Мүрсәли.

Азаматтық алуда кездесетін кедергілер

2013 жылы 10 желтоқсан күні бе­­кі­тілген «Қазақстан Респуб­лика­сының кейбір заң актілеріне еңбек миграциясы мәселелері бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес қандастарға азаматтық Қазақстанға көшіп келген соң 4 жылдан кейін беріледі деп көрсетілген. Бұл заң қандастар мен олардың құқығын қорғаушы­лардың наразылығын тудырып, қоғамда қызу талқылауға ұласты. 2018 жылы заңға қайтадан өзгеріс­тер енгізіліп, шетелден келген эт­никалық қазақтар 1 жылдың ішін­де азаматтық алатын болған. Бірақ сол уақытқа дейін жарамдылық мерзімі шектеусіз түрде беріліп кел­ген «оралман» мәртебесі 1 жыл­ға ғана жарамды болып бекітілді.

Азаматтық алуға басты ке­дер­гілердің бірі – «оралман мәртебесінің»  мерзімді уақытының қысқалығында емес, азаматтық алуға тиісті құжаттарды жинаудың машақатында.

Тарихи Отанына оралған әр қазаққа 5 күн ішінде «орал­ман куәлігі» беріледі. Тұрақты тір­кеу­ге отырып, ықтиярхат алады. Ары қарай жергілікті Ішкі істер ме­­­­кемелеріне тиісті құжаттарын то­­лық өткізсе, жеңілдетілген тәр­тіп­­пен 3 ай ішінде, ары кетсе бір жыл­да азаматтығын алады. Бірақ бұл жұмсақтап айтқанда сөз жүзін­де. Ал іс жүзінде қандастар көпте­ген өткелден өтетіні белгілі. Енді тиіс­ті құжаттардың тізіміне жеке-жеке тоқталып өтсек.

Оралман куәлігінің жыры

Шетелден көшіп келген қан­дас үшін оралман куә­лігін алу қиындық тудырмайды. Ары кетсе бір аптада дайын (5 жұмыс күн) болады. 1 жылға ғана бе­рілетін оралман куәлігінің жа­рам­ды мерзімі өтіп кеткен қан­дас­тар көп. Ал оралман куәлігінің уа­қыты өтіп кеткен соң азаматтыққа тап­сыру мүмкіндігінен айырылады. Тек заңда көрсетілген шарт бойын­ша азаматтыққа тапсыруға болады. Мы­салы, азамат сол елдің азамат­ты­ғынан шыққаны туралы анық­тама әкелуі қажет. Ал бір жылға ға­на жарамды оралман куәлігі қай­та ұзартылмайды. Тек бұрынғы өзі тұрған елінен азаматтықтан шық­қаны туралы анықтама әкеліп қа­на Қазақстан азаматтығын алуға құжат өткізе алады. Ал бұған қара­ма-қайшы келетін және бір мәселе бар. Мысалы, Қытай елі ондай анық­таманы бере салмайды. Олар­дың да өз та­ла­бы бар. Егер Қы­тайдың азамат­тығы­нан шыққыңыз кел­се, басқа елдің азаматы бол­ға­ныңызды анықтай­тын анық­тама­ны Қытай тарапына тапсыруы ке­рек. Сонда ғана олар  «азамат­тық­тан шықты» деген анықтама береді. Оның өзін екі жылдан кейін ғана ала алады. Осындай екі  елдің бір-бі­ріне қара­ма-қайшы заңдардың зар­дабы қан­дастарға тиіп келеді.

Қолданыстағы жаңа заң жо­басына сәйкес, «Қазақстан­да оралман мәртебесін алған этни­калық қазақтарға жеңілдетіл­ген тәртіппен азаматтық алу үшін қо­лайлы жағдай жасалды. Бұл мәрте­бе бір жылға жарамды. Мәртебені ұзарту оралман мәртебесі тоқта­тыл­ған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге өтініш берген кез­де жеңілдетілген тәртіппен аза­мат­тық алу үшін ғана көзделеді», – дейді Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау вице-министрі Ахма­ди Сарбасов.

Азаматтық алу үшін талап етілетін құжаттар

Азаматтық алу үшін жина­ла­тын құжаттардың тізімін және оның жүзеге асу барысын ег­жей-тегжейлі жіктеу ұзақ процесті қажет етеді. Себебі жинайтын құ­жат­тардың тізімі көп. Сонымен қа­тар заң біреу болғанымен әр өңірдің істі жүзеге асыру тәсілдері әртүрлі. Көші-қон саласында қан­дас­тардың құжаттандыру мәсе­ле­сімен айналысып жүрген «Атажұрт» бос­қындар мен қандастарды қол­дау қоғамдық қорының төрағасы, заң­гер Талғат Мүрсәлидің айтуына қарағанда, мұндай әртүрлілікті қө­ші-қон заңының әлі де жетіл­діріл­меуінен дейді.

Сонымен азаматтық алу үшін талап етілетін құжаттар: сот­талмағаны туралы анықтама, ұлты қазақ екенін растайтын анық­­тама, сол елдің азаматтығынан шығу туралы анықтама (шығу парағы) және елшіліктің келісімі. (Өз­бекстан қазақтарының «шығу пара­ғын» алуы біраз шырғалаңға салады. Бұл өзі бір үлкен тақырып). Осы төрт басты анықтаманың әр қайсысының құны – $10. Ал жыл­дам алу керек болса – $20. (Астана­дан алыс өңірден келетін қандастар кей анықтамаларды $20-ға алуға мәжбүр болатын кездері де жиі ұшырасады). Елшіліктің барлық қыз­­меті ақылы (доллар арқылы) жү­зеге асады. Әр анықтама 5 жұмыс кү­нінде дайын болады.

Енді бұл алынған құжаттарды Сыртқы істер министрлігі­нің Консулдық қызмет департа­мен­тінен легализациядан өткізеді. Бұл қызметтің құны әрқайсы 10 мың теңге, 3 анықтама 30 мың тең­ге­ні құрайды. Бұл басты анықтама­лар­дан бөлек тағы да 20-ға жуық құ­жаттың тізімі бар. Бұрынғы заң бойынша азаматтыққа тапсыратын қандастар форма 086 медициналық анықтама өткізетін. Қазір ол талап алынып тасталды.

Алайда Денсаулық сақтау ми­­­нистрінің 2011 жылғы 30 қыр­күйектегі №664 бұйрығымен бекітілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдардың Қ­а­зақстан аумағына келуіне тыйым са­латын аурулардың тізбесі:  на­шақ­ор­лық; психикалық бұзылу (ауру); туберкулез; лепра (гансен ау­руы); жыныс жолдарымен бері­ле­тін инфекциялар (ЖЖБИ) – ме­рез, мерез лимфогранулемасы (до­нованоз), шанкроид; жіті ин­фек­циялық аурулар (жіті рес­пира­торлық вирустық инфекциясы (ты­ныс органдарының жіті вирус­тық инфекциясынан) және гриптен басқа) қатарлы 6 түрлі анық­тамадан өтпеген адамға аза­мат­тық берілмейтіні туралы ар­найы бұйрық шыққан. Қандастар аза­маттық алу үшін бұл бұйрықта көр­сетілген 6 түрлі анықтаманы жи­­­найды.

Бұл анықтамалардың бар­лы­ғы ақылы. Жиыны 27 мың теңгені құрайды. Сонымен бірге 6 түрлі анықтама 1 емханадан беріл­мей­ді. Әрқайсысы қаланың әртүрлі жеріне орналасқан болуы мүмкін және ұзын-сонар кезек күтуді елес­те­тіп көріңіз.

Сонымен осынша құжаттың бәрін сергелдеңге түсіп жү­ріп жинаған қандастар тағы бір ке­дер­гіге тап болады. Ол – тұрақты тір­кеу мәселесі. Көші-қон заңында уа­қытша тіркеуге тұру, бейімделу, ық­палдастыру деген тармақтары бар. Бірақ бұл заңда толыққанды жү­зеге асып жатқан жоқ. Кейбір өңір­лерде мұндай бір жылға бері­ле­тін әлеуметтік жатақханалар бар. Алай­да бұл еліміздің барлық өңі­рін­де қарастырылмаған. Осы кезде ала­қанын ысқылап делдалдар шы­ғады. Тұрақты тіркеуге тұр­ғызу үшін ең кемі 90 мың теңге та­лап етеді. Бұл бір адамға ғана. Көп­балалы отбасылар үшін үлкен шы­ғын. Ал бұл қаржылардан мем­лекетке бір тиын түспейді. Тек дел­далдардың қалтасы қампаяды.

Шетел паспорты азамат­тық алғанға дейін 6 рет ау­дар­тады екен. Әр аударма 3 500 тең­ге. Әрқайсысы нотариуспен заң­­дастырылады. Қысқасы, азамат­тық­қа тапсыру үшін әр қандас ор­таша есеппен 90 мың теңге жұм­сай­ды екен. (Тұрақты тіркеуді қос­пағанда).

Тұрақты тіркеуге тұрып, төрт анықтаманы әкелген соң, екі ай ішінде ықтиярхат шығады. Одан кейін тағы да 3-4 құжаттың тізімі беріледі. Ол құжаттарды жи­нап, фотоға түсіп, азаматтыққа тап­сырады. Өткізілген құжаттар дұрыс болса азаматтық алты ай ішін­­де шығады. өйткені 6 ай бойы тиісті ме­­кемелердің тексеруінен өтеді.

Сотталмағаны туралы анықтама

Сотталмағаны туралы анық­та­ма болмаса ықтиярхат бе­ріл­мейді. Ықтиярхат – әлемдік тә­жірибеде бар құжат. Этникалық қазақ­тар Қазақстан азаматтығын алу үшін әуелі «оралман мәртебесін» ие­леніп, со­сын ықтиярхат алады. Ық­тиярхат алу үшін сотталмағаны ту­ралы анықтама тапсыруға мін­деттелген.

Көші-қон заңы 49 баптың 9 тар­мақшасындағы соттал­ма­­ғаны туралы анықтама Қы­тайдан келетін қазақтардан сұрал­май­ды. Себебі Қытай елі қылмысты бол­ған, сотталған адамды шетелге шығар­майды, паспорт бермейді.
ол Қытай заңымен шегелеген. Бұл сая­сат көптеген қандастар мен ма­­ман­дардың наразылығын туды­рып, көші-қон процесіне кедергі екені айтылған соң, Көші-қон қыз­­меті мұндай анықтама алу шар­тын (әсіресе Қытайдан келе­тін­дерге) тиісті министрліктен емес, қоныс ау­дарушының тұрып жатқан ме­кеніндегі полиция бөлімшесінен де алса болады деп оңайлатқан.

Ұлты – қазақ

Азаматтық алу үшін қойы­ла­тын та­лаптардың бірі – ұлты­ның қазақ болуы. Азаматтыққа өті­ніш тап­сыр­­ған кез келген азаматтың ұлты­ның қазақ болуы шарт. Себебі Аза­­маттық туралы заң­ның 3-ба­бын­да былай делінген: «Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүр­гін, күштеп ұжымдастыру кезең­дерін­де, адамгершілікке жат өзге де сая­си шаралар салдарынан Респуб­лика (Қазақстан) терри­тория­сынан кетуге мәжбүр болған адам­дар мен олардың ұрпақтары­ның өз терри­ториясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мем­лекеттер тер­риториясында тұра­тын қазақтар үшін жағдай жасай­ды».

Сондықтан ол заңды анық­тама арқылы дәлелденеді. Кө­шіп келген елінің құзырлы орын­дарына жүгінеді.

Бұл анықтама, әсіресе еуропа­дан көшіп келетін қандас­тар­ға үлкен кедергі. Бұл туралы га­­­зетіміздің №6 санында (13.02.20) «Түркиядан келген қандастар қазақ екенін неге дәлелдей алмай жүр?» деген тақырыпта мақала жариялан­ды. Түркия елінен көшіп келетін қан­дастар ұлты қазақ екенін дәлел­дей­тін анықтаманы бұрын Дүние­жүзі қазақтарының қауымдасты­ғы­нан алып келген. Енді елдегі Кө­ші-қон заңы бойынша бұл анық­тама қабылданбай отыр. Яғни, ке­дергі Түркия тарапынан емес, елі­міздің шығарған Көші-қон заңын­да­ғы талап кедергі болуында.

Екінші, Иран Ислам Респуб­ли­касынан көшіп келетін қандастардың ұлты қазақ екенін анықтайын құжатты алуы қиын. Себебі Иран елінде азаматтардың құ­жатында ұлты жазылмайды. Сон­дықтан Иран еліннен көшіп келген қандастар ұлтының қазақ еке­нін дәлелдей алмай көп әуре-сар­саңға түседі. Қазақстан Көші-қон қызметі ұлты қазақ екенін дә­лелдейтін құжатты елшілік ар­қылы алуды талап етеді. Ал Иран елінің Консулы ондай құжат бермейді. Иран қазақтары ол анық­таманы алу үшін жергілікті мешітке жү­гінеді. Мешіт имамы «мына аза­маттың ұлты қазақ» деген бір жа­пырақ қағаз жазып береді (парсы ті­лінде).  Ал Қазақстан зайырлы мем­­лекет, Иран аты айтып тұрған­дай діни мемлекет. Осындай қара­ма-қайшылықтар Иран қазақтары­ның құжаттануына зор кедергі кел­тіріп отыр. Осы ретте Қытай, Ре­сей, Моңғолия қазақтары үшін бұл анықтаманы алуға көп кедергі жоқ.

Азаматтықты тез алудың бір жолы

2014 жылы Қазақстан Үкіметі сол жылдың 20 наурызында «Орал­ман­дар қоныстандырылатын өңір­лерді анықтау» туралы қабылдаған № 248 қаулысында Нұр-Сұлтан мен Ал­матыдан басқа 14 облысты ата-­ған.

2019 жылы Еңбек және әлеу­мет­тік қорғау министрлігінің бұй­рығымен қандастарды қоныс­тан­дыруға 5 облыс белгіленді, олар: Ақмола, Павлодар, Қостанай және Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қа­зақ­стан облыстары.

Жоғарыда көптеген қандас­тардың азаматтық және жәрдемақы ала алмай сарсаңға түсуі­нің тағы бір сыры – «Оралман­дар қоныстандырылатын өңірлерді анықтау» туралы қаулы жайлы ақ­параттың жеткіліксіздігі. Шетел­ден көшіп келген қандастар ең бірінші осы аталған өңірлерге бар­са, азаматтықты тез арада алуға мүм­кіндік мол.

Шетелдік этникалық репатрианттардың азаматтық алу моделі

Бірінші және Екінші дүние­жүзі­лік соғыстардың алапат зар­дабымен бірге басқа да тарихи оқиғаларға байланысты әлемнің әр та­рабында жүрген диаспоралар та­рихи Отанына көшуіне мүмкін­дік бар. Бұл көші-қон саясаты Гер­мания, Израиль, Ресей және Қа­зақстан қатарлы елдерде жүргізілу­де. Қазақстан көші-қон саясаты әлем­дік тәжірибелерді де қалыс қал­дырған жоқ.

Германия – этникалық ре­патриант саясатының моде­лін­де 100 мың адамға дейін аза­мат­тарды қабылдауға арналған квота бар. Бұл ретте Германияға кіру үшін этникалық немістерге тілді және неміс мәдениеті мен дәстүрін білуіне жоғары талаптар қойылады. Этникалық немістер ГФР-ге келген кезде арнаулы жеті қа­былдау ла­герлерінің біріне тіркеле­ді және белгілі бір жердің аума­ғында (әкімшілік) тұруға жолдама алады. Репатриант мәртебесін (біздің «орал­ман мәртебесіне» ұқсас) ал­ғаннан кейін «қандас» не­міс­тер ав­томатты түрде Герма­ния азамат­тығын алады. Әлеумет­тік қолдауға келетін болсақ, неміс тілін оқыту курсы төленеді және зей­нетақыны есептеу кезінде шық­қан еліндегі еңбек өтілі есепке алы­нады.

Ресей Федерациясы – кө­ші-қон саясатында шетелде тұра­тын отандастардың ерікті түр­де қоныс аударуына жеңілдік көз­­делген. Шетелден көшіп барған этни­калық орыстар белгілі аумаққа тіркелген соң және азаматтық алғанға дейін мектепке дейінгі тәр­биелеу, жалпы және кәсіптік білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау,  жұмыспен қамту мемлекеттік және муници­пал­дық мекемелері қыз­меттерін қамтитын өтемақы па­кетін беру арқылы жәрдемдеседі.

Израиль – этникалық не­месе діни топқа тиесілі еке­нін дәлел­деген еврейлерге бастапқы ор­на­ласуға, күнделікті шығыстарға, пә­тер жалдауға және иврит тілін үй­­ренуге  қаржылай көмек көрсе­те­ді. Бұл ретте көшіп келу­шілер ше­карадан өтісімен бірден аза­мат­тық алады.

 

P.S. Қазақстан – дүниежүзіндегі әр қазақтың тарихи Отаны. Заңда көрсетілгендей әр этникалық қазаққа азаматтық беріледі. Жеңілдетілген жолдары да жыл сайын жетіліп келеді. Алайда басы артық құжаттар мен кедергілер қазақ көшіне әлі де салқынын тигізіп отырғаны жасырын емес.

Редакция таңдауы

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century («16 ғасырдан...

Елорда Жазушылар үйінде екі игі шара өтті

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы биылғы жылды екі маңызды іс-шарамен бастады. Әдеби басқосу аясында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасарын...

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Қазақтың «қазақ» атын қайтарған қайраткер

Түпқарағанда патша заманында Николаев стансасы деп аталған елді мекенге Кеңес үкіметі басшылығы халыққа ешқандай еңбегі сіңбеген Алексей Егорович Баутиннің есімін берген. А.Баутин кедей, кәдімгі...
photo 349913

Желіде «Путин сарайын» бұзу туралы петиция пайда болды

Геленджик тұрғындары Краснодар өлкесінде салынған "Путин сарайын" бұзуды талап еткен петиция жариялады....
5c8a468e44a87

Балғынбек Имашев: …Қару алып соғысуға дайынмын

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram-дағы парақшасында халықтың мүддесіне қарсы заңды қабылдауға қарсы...
2019122713542126920 80330876 1860621140748484 28004583149687

BEK AIR компаниясы ұшақ құлаған үйдің иесін тағы сотқа берді

Bek Air компаниясы жақында Алматы халықаралық әуежайының маңындағы ұшақ құлаған үйдің иесін...

Жаңалықтар

Желіде «Путин сарайын» бұзу туралы петиция пайда болды

Геленджик тұрғындары Краснодар өлкесінде салынған "Путин сарайын" бұзуды талап еткен петиция жариялады. Петиция Change.org сайтында жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Үндеудің авторлары заңсыз құрылысты бұзуды, қала...

Балғынбек Имашев: …Қару алып соғысуға дайынмын

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram-дағы парақшасында халықтың мүддесіне қарсы заңды қабылдауға қарсы екенін жазды. – Алдыңғы поста айтпақ болғанымның жартысы сыймай қалды. Көршілер көтеріліп жатыр....

BEK AIR компаниясы ұшақ құлаған үйдің иесін тағы сотқа берді

Bek Air компаниясы жақында Алматы халықаралық әуежайының маңындағы ұшақ құлаған үйдің иесін тағы сотқа берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy хабарлады. Бұл жолы бұрынғы әуе компаниясының...

Сот үкімі: бұрынғы энергетика вице-министрі ақталып шықты

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтап шықты. Оған бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылған болатын. Бүгін Судья Жанат...

Италия Премьер-министрі отставкаға кетпек

Италия Премьер-министрі Джузеппе Конте отставкаға кету туралы өтініш берді. Ел президенті Серджо Маттарелле Италия премьер-министріне міндеттерін атқаруды жалғастыруды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости. "Президент шешім...

Коронавирустан көз жұмғандардың саны күрт көбейгендіктен крематорий құрылысы қажет болды

Қазақстанға крематорий құрылысы не үшін қажет болды? Бұл сұраққа Әділет министрлігінің сарапшылық жұмысын ұйымдастыру департаменті Сот сараптамалары орталығының жұмысын бақылау басқармасының басшысы Темірболат Қожамжаров...

«Қасым хан» жобасындағы жымқыру ісіне қатысты «Қазақфильм» пікір білдірді

Бұқаралық ақпарат құралдарында «В потоках истории: обретая вечность. Касым хан» сериалының жобасы бойынша бюджеттік қаражатты жымқыру ісін тергеудің егжей-тегжейімен материалдар жариялануына байланысты, ақпаратты нақтылау...

Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Мемлекет басшысы қысқа мерзімде ҚР Президенті жанындағы Экономикалық қылмыстармен күрес агенттігін құруды тапсырды. «Былтыр «көлеңкелі» экономика саласында ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты  рекордтық көрсеткіште іс қозғалды....

Эмомали Рахмон Тәжікстанның коронавирусты толық жеңгенін мәлімдеді

30 желтоқсаннан бастап Тәжікстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елдің коронавирусты толық жеңетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik. Оның айтуынша, Үкімет 2020...

Cот үкімі: «Қасым хан» киножобасынан 29,9 млн теңге жымқырылған

«Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаменті «Қазақфильм» АҚ «Қасым хан» киножобасы» филиалының директоры К.Ахметовқа және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады....

Болат ЗАУТҰЛЫ, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты: қандастарды солтүстік өңірге ынталандыру арқылы қоныстандыру қажет

Жаңадан сайланған қоғам белсендісі Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Болат Заутұлы қандастарды солтүстік өңірге ынталандыру арқылы қоныстандыру қажет екенін айтаты. Толықырақ сюжеттен көре аласыздар. https://www.youtube.com/watch?v=IIKqAP6lGBo&feature=youtu.be&ab_channel=GAKKUTV Видео: Нұржан...

Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен шеттетілді

Ирландиялық спортшы Конор МакГрегор аралас жекпе-жектен (ММА) жарты жылға шеттетілді. Тengrinews.kz сайтының MMAJunkie басылымына сілтеме жасап жазуынша, МакГрегор денсаулық жағдайына байланысты октагонға шыға алмайды. Оның оң...

Учаскелік инспекторларға бюджет есебінен баспана сатып алынады

Алматы қаласында бюджет есебінен учаскелік инспекторлар үшін өздеріне бекітілген аумақта баспана сатып алынады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында ішкі істер органдарын реформалауды жүзеге асыруда учаскелік...

Президент «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша оқулық даярлауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлауды тапсырды. «Оқушыларды оқыту мен дамытудың басқа да түрлері арасында дұрыс теңгерім болуы...

Қазақстандық вакцинаны салдырамын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. Қазіргі ауыр жағдайдан шығудың жолы вакциналауға байланысты екеніне ерекше тоқталған Мемлекет басшысы:...

Елімізде ҰБТ толықтай электронды форматқа көшіріледі

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. "400 балабақша ашылып, 3-6 жас аралығындағы балаларды...

Мемлекет басшысы баспана бағасының шарықтауына тосқауыл қоюды тапсырды

Мемлекет басшысы Тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру...

Халыққа берілетін несиенің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс – Президент

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа берілетін шағын несиелердің үстемақысы 6 пайыздан аспауы тиіс екенін айтты. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы. Оның...

Министр Қазақстанда қатаң карантин қашан енгізілетінін айтты

Пессимистік сценарий бойынша елімізде күн сайын коронавирус жұқтырудың тоғыз мың дерегі тіркелген жағдайда карантин шаралары қатаңдатылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі...

Үкімет басшысы биыл қай сала қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты

Биыл 1,3 млн адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шараларымен қамтылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты. «Үкімет биыл халықты жұмыспен қамту және табысын...

Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып, мерт қылды

Алматыда 50 жастағы әйелді автобус қағып кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бүгін, 26 қаңтар күні таңертең О.Жандосов пен...

Ұлтының ұмытылмас тұлғасы – Cапар Байжанов

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетіндегі Е.Шәймерденов атындағы аудиторияда белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы-публицист Сапар Байжановтың туғанына 90 жыл толуына орай...

Әлі дүниеге келмеген баласын сатпақ болған жұп ұсталды

Хорезм облысының Ургенч ауданындағы Бекабад ауылының тұрғыны әлі туылмаған баласын сатуға әрекет еткен. Бұл туралы өзбекстандық басылымдарға сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  Жергілікті...

Тұрғын үй құрылысы: Қазақстан ТМД елдері арасында 1-орынға шықты

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында тұрғын үй құрылысы саласында 1-ші орында, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, былтыр Қазақстанда тұрғын...

«Жарқыраған мың күн» кітабы  2021 жылдың Жыл кітаптары тізіміне енді

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханалар қауымдастығының бастамасымен, сонымен қатар ҚР Мәдениет және...

Әлемде гауһарға сұраныс артты

Әлемде бірнеше жыл тоқыраудан кейін гауһар сатылымының тез қалпына келуі байқалады, деп хабарлайды Bloomberg.  Басылымның мәліметінше, De Beers тау-кен компаниясы шикі алмаз шикізатын жеткізу бойынша...

Елімізде коронавирустан көз жұмғандар көбейді

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте қанша адам көз жұмғанын хабарлады. Өткен тәулікте коронавирустан 15, пневмониядан үш адам қайтыс болды. 1266 адам вирус жұқтырса,...

Дәрігер қорқор шегудің басты қаупін атады

Ресейдің қатерлі ісікке қарсы қоғамының басшысы, Блохин атындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының бөлім меңгерушісі Давид Заридзе НСН-ге берген сұхбатында қорқор шегудің қауіптілігі туралы айтты. "Біз...

69 млн теңге: Дүкеннен сәбіз сатып алған жігіт аяқ астынан байып кетті

Ұлыбританияда көкөніс сатып алған ер адам кенеттен байып шыға келді. Бұл туралы Daily Star-ға сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Сүйіктісі Трейсимен бірге тамақ әзірлемек болған Мартин...

Қазақстанда бір тәулікте 1266 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 266 жағдай тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.  Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында -21576(+91), Алматы қаласында - 21408(+132), Шығыс Қазақстан облысында - 19880 (+45), Атырау облысында...

COVID-19: Ғалым вакцинациялаудың шекті жасын атады

Коронавирусқа қарсы вакцинацияның шекті жасы — 80-85 жас. Биология ғылымдарының докторы, Джордж Мейсон университетінің (АҚШ) жүйелік биология мектебінің профессоры, Ресей ғылым академиясының Медициналық-генетикалық ғылыми...

ШҚО-да есірткі сататын 21 жастағы қыз ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында алдын ала белгілі бір орындарға салып қою арқылы синтетикалық есірткі таратумен айналысатын жас қыз анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 11 қаңтарда Есірткі...

Маңғыстауда бала зорлаған қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айрылды

Маңғыстауда бала зорлау қылмысына алғаш рет өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі...

Димаш Құдайберген тыңдарманымен тікелей эфирде жүздеспек

Әлемге әйгілі отандасымыз Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен тікелей эфирде жүздесуге уәде берді. «Сәлем, Dears! Менің алғашқы онлайн-концертімді көргендеріңіз үшін рақмет! Мен және менің командам бұл кешті...

Мемлекет басшысы ауызсумен жабдықтауды субсидиялау туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Су кодексіне жергілікті өкілді, орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауызсумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер...

Алматыда жүргізуші «Сергек» камераларын алдамақ болған

Алматыда жол талғамайтын көліктің жүргізушісі "Сергек" камераларын алдамақ болған, - деп хабарлайды Polisia.kz. 35 жастағы азамат жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жазадан жалтару мақсатында көліктің алдыңғы...

Белсенді Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз жазды

Белсенді Әйгерім Тілеужанова бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовты жауапқа тартуды талап етіп полиция департаментіне өтініш берді, деп хабарлайды NewTimes.kz. Бұл туралы белсенді жексенбі күні өзінің...

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Путинді жау деп атады

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба оппозиция Алексей Навальныйды қолдайтынын айтып, пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz. "Менің жауымның жауы-менің досым. Мұны Навальныйға қазір наразылықтардың бейнесі...

Денесін бөлшектеген: Атырау облысында өз туысын өлтірген мұғалім келіншек ұсталды

Әлеуметтік желіде жазда Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында өз туысын өлтіріп, денесін ауладағы сарайда сақтаған мұғалім келіншек туралы ақпарат тарады, деп жазады "Ақ...

WhatsApp 30 миллионнан астам қолданушысынан айрылды

WhatsApp мессенджері қаңтар айының басынан бері 30 миллионнан астам қолданушысын жоғалтқан. Бұл туралды The Guardian хабарлады. Басылым дерегінше, бұған қолданушылардың қосымшаның жаңартылған нұсқасына көңілі толмауы...

Нұрсұлтан Назарбаев Асхат Аймағамбетовтің есебін тыңдады

«Nur Otan» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне білім және ғылым саласының...

Елбасы Талғат Донақовты қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында...

Көкшетаулықтар вакцинацияға қарсылық білдіріп алаңға шықты

Көкшетау қаласының тұрғындары алаңға жиналып, жаппай вакцинациялау мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қарсылық білдірді. Онымен қоса бейнеүндеу түсірген. Видео әлеуметтік желіде "Көкшетауда митинг басталды"...

Қарақия ойпатындағы қоқыс үйіндісі жойылды

Қарақия-Қаракөл қорығының аумағында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады облыстың экология департаменті. Мұнайлы аудандық ТКШ бөлімінің қызметкерлері Қарақия-Қаракөл мемлекеттік табиғи қаумалының мамандарымен бірлесіп сенбілік өткізді. -...

Коронавирустан қайтыс болған науқастардың туыстары наразылыққа шықты

Бүгін Бішкекте коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары Денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты алдында пикет ұйымдастырды. Наразы топ бас пульмонолог Талантбек Сооронбаев пен министрдің орынбасары Мадамин Каратаевтың...

Трамп өз партиясын құру туралы жоспарынан бас тартты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдегі демократтармен және республикашылармен бәсекелес болатын үшінші ірі саяси партия құру туралы ойынан бас тартты. Бұл туралы Fox News...

Зейнетақы жинағын пайдалану: Порталдағы өтініміңіз жойылса не істеу керек?

«Отбасы» банкі enpf-otbasy.kz онлайн-платформасының жұмысын түсіндірді. «Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: 1. Егер қажет...

SpaceX орбитаға жіберілген спутниктер саны бойынша рекорд жаңартты

SpaceX компаниясы спутниктердің рекордтық көрсеткіші – 143 аппараты бар Falcon 9 зымыран тасығышын ұшырды, деп хабарлайды РИА Новости. Бұдан бұрынғы рекорд 2017 жылы Үндістанда тіркелген...

Масканың орнына респиратор: Қорғаныс құралдарын пайдалану талаптары күшейтілді

25 қаңтардан бастап Австрия тұрғындары дүкендерде немесе қоғамдық көліктерде маскалардың орнына жоғары дәрежелі FFP2 қорғаныс респираторларын қолдануға міндеттелді. Бұл жаңалықты Австрия канцлері Себастьян Курц...

Шетелдегі қандастарға қазақ тілін үйрету жобасы талқыланды

«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арасында кездесу өтті. Жобаның басты мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтардың...

Елімізде баланың жүрген жерін анықтайтын жүйе іске қосылады

Қазақстанда баланың тұрған орнын анықтауға мүмкіндік беретін "Тап мені" жүйесі іске қосылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп...

Коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тартқандар жұмыстан қуылды

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан айрылды.  Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме басшысы әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де вакцина алуға шақырған....

Ертең Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл жайында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады. «Ертең, яғни 26 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт...

Ер адам бастығы берген сыйлықтың арқасында 84 млн теңгеге байыды

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотт қаласының тұрғыны бастығынан Рождествоға сый ретінде алған лотерея билетінің арқасында ірі олжаға кенелді, деп хабарлайды UPI басылымы.  Та’Вон Бэттс...

Интернет арқылы көлік сатып алмақ болған Петропавл тұрғыны жарты миллион теңгесінен айрылды

Интернетте автокөлік сатып алмақ болған петропавлдық жарты миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. Интернет-алаяқтық саны артып келеді, қылмыскерлер де түрлі амал-тәсілдерді ойлап табуда. Веб-ресурстардың...

1 ақпаннан бастап Алматы толығымен цифрлық телехабарға көшеді

1 ақпаннан бастап Алматы қаласы толығымен цифрлық эфирлік телехабарға көшеді, – деп хабарлады қала әкімдігі. 2021 жылдың 1 ақпанында Алматы қаласында «Көктөбе» телемұнарасында цифрлық эфирлік...

Бауыржан Байбек «Jas Otan» мен жас депутаттарға жүктелетін міндеттерге тоқталды

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен «Jas Otan» Орталық кеңесінің отырысында Нұржан Жетпісбаев «Nur Otan»-ның жастар қанатының жаңа басшысы болып сайланды. Бұл туралы партия...

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен Семей қаласының әкімі қызметіне Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын,...

Еліміздің кей аймақтарында күн жылынады

"Қазгидромет" 26-28 қаңтардағы ауа райы туралы болжамдарын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің кей аймақтарында аяз бәсеңдеп, күн жылынады.  Солтүстік Қазақстан облысында аяз бәсеңсіп, қар жауады, бұрқасын...

COVID-19: ШҚО-да қайтадан блокбекеттер қойылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шараларын 2021 жылдың 25 қаңтарынан 7 ақпанына дейін ұзарту туралы жаңа қаулы шығарды. Құжатқа сәйкес, облыста санитарлық...

Петропавлда аялдамаларға бейнебақылау камерасы орнатылды

Петропавлда бұзақылықпен күресу үшін әр автотұрақ, аялдамалардың жанына бейнебақылау камерасы орнатылды. Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, облыс орталығында қосымша жаңа 120 бейнекамера пайда болды. Бұл –...

Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен қаласы «қызыл» аймақта тұр....

Бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырған азаматтардың үстінен қылмыстық іc қозғалды

Нұр-Сұлтанда жас жігіттер бойжеткен үшін бір-біріне оқ жаудырды, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Елорда тұрғыны Эльмира Баекешева түнде болған атыс туралы Facebook-тегі парақшасында жазды. «Түннің...

Карантин: Маскасыз суретке түскен депутаттар айыппұл төлейтін болды

Семейде маска тақпай суретке түскен қалалық мәслихат депутаттарына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдері мәлімдеді. Arnapress.kz сайтының мәліметінше,...

Елімізде 1 480 адам коронавирус жұқтырды

Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметінше, 24 қаңтар 23:59-дағы эпидемиология жағдай бойынша 1 480 адам коронавирус жұқтырды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 211 Алматы қаласы - 135 Шымкент...

Бразилияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды

Бразилияның Порту-Насиунал қаласының маңында «Пальмас» бразилиялық төртінші дивизионның футболшылары мінген ұшақ апатқа ұшырап, 6 адам мерт болды. ҚазАқпараттың Globo телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, апат орнында...

Аяз күшейеді: 10 өңірде ескерту жарияланды – Қазгидромет

Бүгін, қаңтардың 25-і күні, еліміздің басым бөлігінде күн суытып, көктайғақ болады, тұман түсіп, аяз күшейеді, – деп хабарлады Қазгидромет. 25 қаңтарда Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан...

Нью-Йоркте Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы көтерілді

23 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы тек Ресейде емес, басқа да бірнеше мемлекетте өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нью-Йорктегі Таймс-скверде көптеген адам ту және...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындауларға шолу

Өткен апта ішінде жаңа Үкіметтің құрамы белгілі болды. Ведомстволарда вице-министрлер мен аппарат басшылары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Апта басында Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Президент...

Нью-Йоркте тұратын қазақ профессорының кітабы шықты (видео)

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті Гарриман институтының профессоры, отандасымыз Гүлнәр Кендірбайдың Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century («16 ғасырдан...

Төрт бірдей олимпиадаға қатысқан қазақстандық шаңғышы жол апатынан қайтыс болды

Төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитеті. Байрақты додаларда...

«UFC – оның деңгейі емес». Жалғас Жұмағұлов тағы да жеңіліп қалды (видео)

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (13-4) Абу-Даби (БАӘ) қаласында ұйымдастырылған UFC 257 турнирінде швециялық спортшы Амир Альбазиден (13-1) жеңіліп қалды. Үш раундқа созылған жекпе-жек Альбазидің пайдасына шешілді, алайда...

Атышулы Конор Макгрегор Порьеден техникалық нокаутпен жеңілді (видео)

Абу-Даби (БАӘ) қаласында өткен UFC 257 турнирінің басты кездесуінде  ирландиялық файтер Конор Макгрегор (22-4) америкалық аралас жекпе-жек шебері Дастин Порьеден (26-6-1) жеңіліп қалды. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын,...

Әлемге әйгілі тележүргізуші өмірден өтті

Америкалық тележүргізуші Ларри Кинг қайтыс болды. Қаралы хабар оның Twitter-дегі аккаунтында жарияланды. Америкалық тележүргізуші, журналист Ларри Кинг 87 жасында дүниеден озды. Кинг сенбі, 23 қаңтарда Лос-Анджелестегі...

Елорда Жазушылар үйінде екі игі шара өтті

Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы биылғы жылды екі маңызды іс-шарамен бастады. Әдеби басқосу аясында елордалық бөлімше директоры Дәулеткерей Кәпұлы жастар шығармашылығы жөніндегі орынбасарын...

Балғынбек Алексей Цойды қарғап тастады

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың көктемде коронавирустың елімізде таралу ауқымы жайлы болжамына қарғыспен қарсылық білдірді. Ақын өзінің Instagram парақшасында «Қой үстіне...

Қазақ каскадерлері «Taurus» сыйлығына ие болды

Қазақстандық каскадерлер тобы Әлемдік каскадерлер академиясының (АҚШ) «Taurus» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл әлемдегі каскадерлердің ең беделді кәсіби сыйлығы, оны біздің «Қазақфильм»...

Жандос Бүркітбаев вице-министр қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жандос Қонысұлы Бүркітбаев Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында...

Елбасы Алтай Көлгіновті қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Бұл жөнінде Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде елорда әкімі Елбасыға қала құрылысындағы алдағы жоспарлар мен саниталық...

Тоқаев Алексей Цойға карантин жағдайын қатаң бақылауды тапсырды

Президент  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде...

Зинедин Зидан коронавирус жұқтырды

«Реал Мадрид» испан футбол клубының жаттықтырушысы Зинедин Зиданның коронавирус инфекциясына жасалған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. Зидан 2019 жылы...

Әлия Назарбаева: Барлығына бірдей көмектесе алмаймын

Әлия Назарбаева Instagram-ға көмек сұрап, өтініш білдіріп жазатын адамдар туралы айтты. Құрметті жазылушыларым мен оқырмандарым! ⠀ Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады! ⠀ Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді:...

Зейнетақы жинағы ең көп өңірлер аталды

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова тұрғындарының зейнетақы жинағы ең көп 4 өңірді атады. «658 млрд теңге! Алматы қаласындағы салымшылар (зейнетақының бір бөлігін...

Қырғыз Республикасының жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты

Қырғыз Республикасының жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі кезіндегі арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты. Садыр Жапаров бұл туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми...

Индонезиядағы Boeing 737 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

9 қаңтарда апатқа ұшыраған индонезиялық Sriwijaya Air авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы қозғалтқышты басқару жүйесінің бұзылуына байланысты құлауы мүмкін. Бұған Boeing 737-нің қара жәшіктерінің бірінен алынған...

Этникалық қазақтар қандас мәртебесін сирек ала бастаған

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға қоныс аударған 13 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Бұл 2019 жылға қарағанда 4 мың адамға аз, деп хабарлайды...

Мақтааралдықтар көктемгі егіс жұмыстарын бастап кетті

Мақтаарал ауданының шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің...

Еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран) барлық автокөлік түрлері үшін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатарына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлады «Қазақавтожол». Алматы –...

Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың аты жарияланды

«Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайттың атын жария етті. «Сайттың атын алғаш рет жария етейін. Ол -...

Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет: Нидерландыда коменданттық сағат енгізіледі

Нидерланды парламенті елдің уақытша үкіметінің коронавирустық пандемия жағдайында мемлекет аумағында коменданттық сағат енгізу туралы ұсынысын көпшілік дауыспен қолдады. Бұл туралы заң шығарушы органның сайтына...

«Nur Otan»: Азаматтарды қабылдау қайта жанданды

Мұқтаж жандарға көмек көрсету алматылық нұротандықтардың басты назарында. Биылғы жылы қаланың мемлекеттік мекемелері басшыларының азаматтарды қабылдауы қайта басталды. Бұған дейін ол Парламент Мәжілісі мен...

«Сергек» көмекке келеді: Енді алимент төлемегендерді жазалау оңайға түспек

Биылдан бастап алимент төлеуден жалтарып жүргендерді анықтауға «Сергек» жүйесі қолданылады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлімдеді. «Биыл бұл жұмыстарды жандандыра түсетін екі жайт...

«100 млн доллар сыйақы беремін»: Илон Маск бірегей технология үшін байқау жариялады

SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск көмірқышқыл газын ұстап қалудың ең тиімді технологиясын ойлап тапқан адамға 100 миллион доллар төлеуге уәде берді. "Мен көмірқышқыл газын...

Ақтөбеде мүгедек қарияларды көсеумен ұрып, бар ақшаларын алып кеткен күдікті ұсталды

Ақтөбе полициясы қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады. Ол үй иелерін ұрып-соғып, қолда бар ақшасын алып кеткен. Полицияға белгісіз біреудің терезе арқылы кіріп, отбасы мүшелерін көсеумен ұрып...

Президент ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды

Аргентина президенті Альберто Фернандес коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдырды, деп хабарлайды Интерфакс. Мемлекет басшысының вакцина алу кезіндегі суреттері жергілікті басылымдарда жарияланды. Бұған дейін...

Аида Балаева: Президент қол қоймаған кез келген заң жобасы тиісті өзгерістерге құқылы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қаласында «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауға қатысты жиында аталған құжаттың мақсат-міндеттерін түсіндірді.  «Қоғамдық бақылау туралы» заң...

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры болып Мәдина Нұрғалиева тағайындалды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жаңа басшылық алдына бірқатар маңызды міндеттер қойды. Соның...

Қазақстандық депутаттардың қанша жалақы алатыны белгілі болды

Еліміздегі депутаттардың айлығы 550 мыңнан басталады. Еңбек өтіліне қарай 800 мың теңгеге дейін жалақы алатындары да бар, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Телеарна таратқан...

Зейнетақы жинағын пайдалану: ертең өтінім беретін онлайн-платформа іске қосылады

«Отбасы банк» 23 қаңтарда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану үшін өтінім беруге болатын онлайн-платформаны іске қосады. «Отбасы банктың» хабарлауынша, бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың...

Ақтөбе облысындағы кеніште болған қайғылы оқиғаның себебін атады

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы «Весенне – Аралчинский» жерасты кенішіндегі қайғылы оқиғаның себеп-салдары белгілі болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 2020...