383
Таразда тойға барған тоғыз адам ауруханаға түсті
Таразда тойға барған тоғыз адам ауруханаға түсті
Тараз мейрамханаларының біріндегі тойдан кейін тоғыз адамның астан уланғаны белгілі болды.
Қазіргі таңда жеті адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда екен. Бұл туралы туралы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне хабарлады.
«Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінен уланған жағдайда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына медициналық көмекке тоғыз адам жүгінді. Оның ішінде жеті адам ауруханаға жатқызылды. Ал, екі адам медициналық тексеруден кейін шығарылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қалған жеті адамның жағдайы да қалыпты деп бағалануда.
Бұдан бөлек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған 30 адамның жаппай улануы туралы ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.
Медициналық көмекке жүгінген тоғыз тұрғынның улануы мүмкін делінген мейрамханаға тексеру жұмыстары жүргізілмек.