Сирек кездесетін құстарды заңсыз жолмен шетел асырған әуежай қызметкері сотталды

Сирек кездесетін құстарды заңсыз жолмен шетел асырған әуежай қызметкері сотталды

Сирек кездесетін құстарды заңсыз жолмен шетел асырған әуежай қызметкері сотталды
ашық дереккөзі
822
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ кешенді ауысым бастығы М. атты азамат сирек кездесетін және жойылу қаупі бар құстарды Біріккен Араб Әмірліктеріне беріп жіберген. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Контрабандалық жолмен алып өткен құстардың арасында 32 сұңқар болған. Соның ішінде 25-і - сұңқар балапаны, біреуі - ителгі-лашын және алтауы - будандастырылған сұңқар. Сотта анықталғандай, сотталушы кеден бақылауы арқылы құстар салынған сөмкені алып өтіп, жүк тасушыға «Астана-Шардж» халықаралық рейсінің ұшақ бортына жүкті салуды тапсырған. №2 Есіл аудандық сотының үкімімен азамат М. қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленіп, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.   

Серіктес жаңалықтары