259
Мемлекет басшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды
Мемлекет басшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Талғат Қалиев 1962 жылы 16 маусымда дүниеге келген. 1986 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі ҚазҰУ) бітіреді, тарих ғылымдарының кандидаты.
Әр жылдары Қазақстанның Румыниядағы уақытша сенімді өкілі, Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы елшісі, сыртқы істер министрлігінің сыртсы саясатты талдау және болжам департаментінің директоры қызметтерін атқарды.