Коронавирустың таралуына байланысты Giorgio Armani-дің сән көрсетілімі көрерменсіз өтті

Коронавирустың таралуына байланысты Giorgio Armani-дің сән көрсетілімі көрерменсіз өтті

Коронавирустың таралуына байланысты Giorgio Armani-дің сән көрсетілімі көрерменсіз өтті
ашық дереккөзі
233

Коронавирустың таралуына байланысты Италияда Джорджио Армани сән үйінің жаңа топтамасының көрсетіліміне көрермендер шақырылмады.  Бұл туралы 112.ua хабарлады. 

Бос залда өткен шоудың тікелей трансляциясы сән үйінің сайты мен брендтің әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетілген. Көрсетілімде 2020-2021 жылғы күз-қыс маусымына арналған әйелдер киімі таныстырылған. 

Коллекцияда қара, сұр, ақшыл сары, алқызыл түстерге басымдық берілген. Демек, алдағы күз-қыс маусымында осы түстер сәнде болады. 

Айта кетсек, бұған дейін коронавирус таралуына байланысты Миландағы әйгілі "Ла Скала" театры уақытша жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, қызметкерлерінің бірі қауіпті дерт жұқтыруына байланысты Samsung Electronics компаниясы Оңтүстік Кореяның Кёнсан-Пукто провинциясындағы Куми қаласында орналасқан зауытын жапқаны туралы жаздық

Серіктес жаңалықтары