414
Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден өтті
Бекзат Саттархановтың әкесі өмірден өтті
Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, марқұм Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханов өмірден өтті.
Әлеуметтік желіде тараған қайғылы хабарды Түркістан облысының спорт басқармасы да ресми түрде растап отыр.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, марқұмның жаназасы 26 ақпан күні 15.00-де Түркістан қаласында шығарылады.
"Менің Бекзатым XX ғасырда туып, 20 жасында Олимп шыңын бағындырып, XX ғасырдың аяқталуына 20 минут қалғанда өмірден озды. Қандай өкінішті еді. 2000 жылы қазанның 1-і күні Олимпиада чемпионы атанды. Осы жылы желтоқсанның 31 күні мәңгілікке қоштасты. Өзі туған ел-жұртының алдында бар-жоғы 90 күн ғана Олимпиада чемпионы ретінде емін-еркін еркелей алды. Ары қарай Алла ғұмыр бермеді. Ол менің ғана ұлым емес, қазақ елінің, барша Алаштың баласы еді", - деген еді чемпионның әкесі.
Айта кетейік, Сейілхан Саттархановтың Бекзаттан өзге Бағдат, Болат, Мақсат есімді тағы үш ұлы бар.