252
Қордайдағы қақтығыстан кейін қозғалған қылмыстық істер саны 120-ға жетті
Қордайдағы қақтығыстан кейін қозғалған қылмыстық істер саны 120-ға жетті
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін 120 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді.
«Қордай оқиғасы бойынша қазіргі уақытта 120 қылмыстық іс қозғалған. Ведомствоаралық жедел тергеу тобын Бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу амалдары жайлы ақпаратты, сонымен қатар қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қаншасының қамауға алынғанын жариялай алмаймыз», - дейді Санжар Әділов.
Десе де, Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Қордайдағы қақтығыс бойынша қамауға алынғандар барын айтты.
«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бабы бойынша 11 қылмыстық іс қозғалған», - деді ол.