Туған қызын зорлап келген қаныпезер 17 жылға сотталды

Туған қызын зорлап келген қаныпезер 17 жылға сотталды

Туған қызын зорлап келген қаныпезер 17 жылға сотталды
ашық дереккөзі
416

Туған қызын зорлаған қаскөй сотталды. 

Polisia.kz-тің хабарлауынша,  бұрын сотты болмаған Арман (– аты өзгертілген) есімді азамат жарының жұмыста, кіші ұлының сабақта болғандығын пайдаланып өзінің 13 жасар туған қызына зорлық жасаған. Әкенің арам ісі әшкереленіп, енді ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-4 бабымен 17 жылға сотталып, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеп жатыр. "Санамды арақ уламағанда, ондай іске бармасым анық, өз ісіме қатты өкінемін, тағылған күнәлерді толығымен мойындаймын. Өз қолыммен істеген ісіме өз басыммен жауап беруге дайынмын", - дейді өзі. Алайда, бесіктен белі шықпаған, физикалық толық жетілмеген, тіпті мінезі де психологиялық тұрғыдан алғанда қалыптаспаған жасөспірімнің жағдайы не болмақ. Жасы 37-дегі әкенің, адамның жанын түршіктірмей қоймайтын істеген ісі, қылмысының жазасы қаншалықты ауыр болса да, "өтеуі бола ма" деген сауал жауапсыз қалатыны анық.  "Әрбір арам ісімнен кейін қызыма тұрып жуынуды және болған жағдайды ешкімге айтпауын, айтқан жағдайда қандай қайғылы жағдай болатынын айтып қорқытып отырдым", - дейді сотталушы. Жұмысы бар, толық жанұясы бар туыстарымен қарым-қатынаста болған, қалыпты жанұя ұйытқысының осы қылмысы бойынша ол, толық өз ісін қадағалай алатын мінез құлықта екені сот сараптамасымен анықталған. "Мекемеге келгеннен бері психологтар мені жасаған қылмысыма қарамастан, жеке тұлға ретінде қабылдап, ішкі сырымды айқын айтуға мүмкіндік беріп, менің жаңа ортаға бейімделуіме көмектесіп жатыр. Сондай-ақ, "мекеме басшылығына, қызметкерлеріне және психологтарға менің өз қызыма айуандық жасағаныма қарамастан менімен жүргізген жұмыстары үшін алғысым шексіз", -  дейді Арман.

Серіктес жаңалықтары