85 мың студент жатақханасыз жүр

85 мың студент жатақханасыз жүр
Оның 64,2 мыңы жоғары оқу орындарының, қалған 21,5 мыңы – колледж студенттері. Бұл – Білім және ғылым министрлігінің ресми мәлімдемесі.
Кейінгі екі жылда жатақхана тапшылығы 6 пайызға төмендеген. Биыл тағы да 10 мың орын пайдалануға берілмек. Десек те, елімізде 85 мыңдай студент әлі де жатақханасыз жүр.
Қазіргі таңда жатақханадағы орын Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, рет-ретімен беріледі. Алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары, сосын халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері, одан кейін мемлекеттік грант иеленген бірінші курстықтар. Шетелдік студенттерге жатақхана беру мәселесі де алдыңғы кезекте шешіледі. Қалғандары егер орын қалып жатқан күнде ғана мұндай мүмкіндікке қол жеткізеді.
Айта кетейік, ведомстваның мәліметінше, 2023 жылы ғана студенттер толық жатақханамен қамтамасыз етілмек.