Шымкенттегі әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметші ұсталды

Шымкенттегі әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметші ұсталды

Шымкенттегі әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметші ұсталды
ашық дереккөзі
789
Әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметші ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. «ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы атыс қаруын ұрлап, әскери бөлімді тастап кетіп қалған 1995 жылғы Абылай Бағдатұлы Балғынбайды ұстады. Қаруды ұрлауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.  width= Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкент қаласына таяу жердегі әскери бөлімнен кіші сержант А.Балғынбай бірнеше қару-жарақты алып қашып кеткені хабарланды. ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әуе күштеріне қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісімшартпен қызмет ететін кіші сержант рота бойынша кезекшіліктен рұқсатсыз кетіп қалған.  

Серіктес жаңалықтары