Семейде көпқабатты үй өртеніп, бір адам мерт болды

Семейде көпқабатты үй өртеніп, бір адам мерт болды

Семейде көпқабатты үй өртеніп, бір адам мерт болды
ашық дереккөзі
239
Семей қаласындағы Шүлбі кентінде бес қабатты тұрғын үйде өрт шығып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство дерегіне сүйенсек, кеше түнде 101 нөміріне хабарласқан тұрғындар Шүлбі кентінде өрт шыққанын айтқан. №40 өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары бірден оқиға орнына аттанады. Анықталғандай, 2-ші ықшам аудандағы бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлмелі пәтерінде өрт шығыпты. Ағаш жиһаз құрылымдарды шарпыған тілсіз жаудың жалпы аумағы - 4 шаршы метр. «Подъезд ішін көк түтін тұмшалаған. Құтқарушылар 23 адамды эвакуациялады. Өрт сөндіру кезінде еденнен 1954 жылы туған үй иесінің денесі табылды», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Қызыл жалын 22 сағат 38 минуттың ішінде толықтай ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі, мас күйінде темекі шегу немесе отты абайсыз пайдалану.

Серіктес жаңалықтары