238
"Бұрын қандай болса, қазір де дәл сондай": Путин Медведевтің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді
"Бұрын қандай болса, қазір де дәл сондай": Путин Медведевтің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді
Ресей президенті Владимир Путин мен ел үкіметінің бұрынғы басшысы Дмитрий Медведевтің ынтымақтастығы үзілмейді. Бұл туралы Кремль басшысы ТАСС-қа берген сұхбатында айтты.
«Біз Дмитрий Анатольевичпен бұрын қалай жұмыс істесек, қазір де дәл солай жалғастырып жатырмыз», - деді Путин.
Оның айтуынша, Медведевтің премьер-министр қызметінен кетуі олардың ұзақ жылғы бірлігінің ажырағанын білдірмейді.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың 15 қаңтарында Медведев үкімет басшысы қызметінен босатылды. Дәл сол күні Путин оған жаңа қызмет – РФ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болуды ұсынды. Жергілікті БАҚ-та мұны «отставкадағы премьер үшін арнайы енгізілген қызмет» деген пікірлер қылаң берді.