Партия бірде-бір сұрақты ескерусіз қалдырмайды

Партия бірде-бір сұрақты ескерусіз қалдырмайды

Партия бірде-бір сұрақты ескерусіз қалдырмайды
ашық дереккөзі
445
Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өңірлерге сапары жалғасуда. Ол Павлодар облысының шалғайдағы бірқатар елді мекендерінің тұрғын­дары­мен кездесіп, көкейкесті мәселелерді сол жерде талқылап, шешімін бірге қарастырды. Жұмыс сапарының бірінші кү­ні Бауыржан Байбек Новочерноярка ауылының тұрғын­да­рымен кездесті. Мұнда 16 көпқа­бат­ты тұрғын үйдің 800-ге жуық тұр­ғыны орталық жылыту жүйесіне қо­сылмаған. Ауыл тұрғындары бұл мә­селені осыған дейін бірнеше рет кө­терген, тіпті партияның қоғам­дық қабылдауы арқылы да қозғаған  екен. «Тұрғындармен бірге осының ше­шу жолдарын талқыладық. Ай­мақ басшылығы ауылда жылыту қа­з­андығы салынады деп сөз берді. Бұл аталған тұрғын үйлерден бөлек та­ғы да 5 әлеуметтік нысанды, оның ішін­де таяу маңда орналасқан мек­теп­ті, балабақшаны және дәрігерлік амбулаторияны жылумен қамта­ма­сыз етпек. Оның орындалуын Nur Otan өз бақылауына алды», – деді Бауыр­жан Байбек өзінің Facebook-тегі парақшасында. Оның айтуынша, Павлодар облысына сапарға шығар ал­дында ол бұқаралық ақпарат құ­рал­дары мен әлеуметтік желі мате­риал­дары арқылы өңірдің көкей­кес­ті мәселелерімен мұқият таныс­қан. Билеуші партия Төрағасының Бірін­ші орынбасары бірнеше жылдан бері облыс орталығында «Екінші Павлодар» ықшамауданындағы же­­ке тұрғын үйлерді еріген және же­­расты сулары деңгейінің көте­рілуі салдарынан су басуы мәсе­ле­сі­не назар аударды. Мәселенің өзектілігі ескеріле оты­рып, облыстың жаңа әкі­мімен тұрғындардың кездесуі ұйым­дастырылды. Әбілқайыр Сқа­қовтың айтуынша, мәселені жүйелі және жан-жақты шешу үшін тиісті мамандар мен сарапшылар тартылатын болады. Сонымен қатар 8 ша­қырым кәріз желілерін тарту жә­не тағы 10 шақырым коммуника­цияны салу үшін жобалық-сме­та­лық құжаттама әзірленеді. Бұдан бұ­рын жерасты суларының деңгейін тө­мендету үшін 5 құдық бұрғы­ла­нып, су сақтау шұңқыры салынған, 3 сорғы стансасы орнатылған. Кездесуде жергілікті тұр­ғын­дар монополист компания «Пав­лодар су каналы» ЖШС-не қа­ра­та тарифтердің, суды есептеу ас­пап­тары құнының айқындығына қа­тысты наразылықтарын да біл­дір­ді. Бауыржан Байбек өз кезегінде таяу уақытта партия алаңында бар­лық мүдделі органдардың қа­тысуы­мен ашық партиялық тыңдау өт­кізуді тапсырды. Жұмыс сапары барысында пар­тия Төрағасының Бі­рін­ші орынбасары «Мұнайхим» кәсіпорнының қызметкерлерімен де кездесті. Мұнда әлеуметтік және ең­бек құқықтарын қорғау сала­сын­дағы өзекті мәселелер талқыланды. Бауыр­жан Байбек Елбасы бастамасымен қолға алынған индустриаландыру бағдарламасының арқа­сын­­да өңірде мыңдаған жұмыс ор­нының ашылғанын тілге тиек етті. «Жұмыспен қамтумен қатар жай­лы және қауіпсіз еңбек жағ­дайын жасау қажет. Бұл үшін бастауыш партия ұйымдары кәсіпо­дақ­тармен бірлесіп кәсіпорын басшы­лы­ғына туындаған мәселелер мен қызметкерлердің ұсыныс-тілекте­рін уақытылы жеткізіп отыруы тиіс. Бұл ретте бірде-бір сұрақты назардан тыс қалдыруға болмайды. Пре­зидентіміздің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымда­ма­сы­ның нақты іске асуы дегеніміз осы», – деп атап өтті ол. Сонымен қатар Бауыржан Бай­бек Павлодар облысын­дағы партия активімен кездесу өткізіп, онда сәуір-мамыр айларында ашық ішкі партиялық сайлау – прай­мериз өткізуге дайындық барысы туралы пікір алысты. «Партиямыздың Көшбасшысы, Елбасының тапсырмасы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсы­нылатын тізімді түзу кезінде он­да әйелдер 30 пайыздан, ал 35 жас­қа дейінгі жастардың саны 20 пайыз­дан кем болмауы тиіс деген жос­пар бар. Сондай-ақ мәслихаттарға бас­қа да әлеуметтік топ өкіл­дері ұсынылуы тиіс. Атап айтқанда, ерек­ше қажеттіліктері бар жандар, көп­балалы аналар және тағы басқа­лары қамтылуы керек. Бұл ретте қоғамдық пікір көшбасшыларын және Үкіметтік емес ұйымдардың ел ішінде сөзі өтімді, жұртшылық­тың сеніміне ие болған өкіл-дерін іл­ге­рілетуге баса назар аударылады. Біздің қағидатымыз – «Жігерлі лидерлер – қуатты партия». Азаматтық қоғаммен қоян-қол­тық араласып, өзара бірлесе әре­кет ету ғана азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге жол ашатынына сенімдімін!» – деп мәлімдеді партия Төрағасы­ның Бірінші орынбасары. Кезектен тыс конференция ба­рысында облыс әкімі Әбіл­қайыр Сқақов Павлодар облыс­тық филиалының төрағасы болып сайланды. Жұмыс сапарының бірінші күнін қорытындылай ке­ле, Бауыржан Байбек партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне пав­лодарлықтардан келіп түскен өті­ніштерді сараптау арқылы ше­шімін күткен бірінші кезектегі мін­деттердің ауқымы анықталғанын атап өтті. Бұлар – әлеуметтік қамту, білім беру, денсаулық сақтау, қор­ша­ған ортаны қорғау сапасы, сон­дай-ақ тұрғын үй қорының мардымсыз жағдайы, елді мекендерді абаттандыру және тағы да басқа көптеген мәселе. «Азаматтарымызды алаңдатып отырған мәселелер бүгінде әзірленіп жатқан аймақты дамытудың 5 жыл­дық бағдарламасына енгізіледі. Біз әр қаланы, ауданды және ауылды қам­туды жоспарлап отырмыз. Осы ба­ғыттағы жұмыстарды партия ор­талық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып бірнеше айдан бері жүргізіп те келеді. Nur Otan түйінді мәселелерге құлақ асып қана қоймай, оларды шешу үшін нақты шараларды қолға алуы керек. Ол үшін бізде қажетті ресурс­тар бар, ең бастысы, қарапайым ха­лық қолдап отыр», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары