Bek Air ұшағының құлауына қандасымыз емес, қанатқа қатқан мұз кінәлі екен

Bek Air ұшағының құлауына қандасымыз емес, қанатқа қатқан мұз кінәлі екен

Bek Air ұшағының құлауына қандасымыз емес, қанатқа қатқан мұз кінәлі екен
ашық дереккөзі
243
Газетіміздің 13 ақпан күнгі санында «Bek Air ұшақ апатына қанда­сы­мызды кінәлі етпек пе?» деген тақырыпта материал жариялағанбыз. Он­да әуекомпаниясы ұшақ соғылған үйдің иесі, қандасымыз Решет Қа­либекті сотқа бергендігін және ол соттың 21 ақпанда болатындығы жа­зылған. Сонымен қатар осы оқиғаға қатысты пікір білдірген заңгер мен қоғам белсенділері Bek Air компаниясының қылмыстық жауап­кершіліктен қашып, қандасымызды  сотқа бергендігін атап өткен. Кеше мемлекетаралық авиация ко­митетінің бас директоры Виктор Сороченко Bek Air ұшағының апатқа ұшы­рауының басты себебін айтты. «Мен ұшақ апатының екі ғана себебін көріп отырмын. Олар: қанаттардың за­қым­дануы, бүлінуі, көтеру қабілеті тө­мендеуі немесе мұз қату. Комиссия авиациялық оқиға болғаннан кейін әуе кемесін қарап шығып, қанаттарының зақымданбағандығын анықтады. Менің тәжірибем мұнан өзге себебін кө­ріп те тұрған жоқ. Сондықтан біз  ұшақ қанаттарына мұз қатуы нұс­қа­сы­на бірінші кезекте мән береміз», – деді Виктор Сороченко. Мамандардың пі­кі­ріне қарағанда ұшақтың апатқа ұшы­рауына қанатына қатқан мұз се­беп болыпты. Ал Bek Air компаниясы не себептен қандасымызды сотқа сүй­реп жүргені бізге беймәлім.

Серіктес жаңалықтары