"Қазір жүздеген адамнан жауап алынды, оқиғаға қатысушының рөлін анықтау үшін процессуалдық шаралар, қажетті сараптамалар жүріп жатыр. Қажетті процессуалдық шаралар аяқталғаннан кейін кінәлілер жауапқа тартылады... Түрлі эпизод бойынша 90 қылмыстық іс [қозғалды]. Тергеудің жалпы мерзімі - 2 ай" деді ол.
Қожаевтың айтуынша, оқиғаға байланысты жаңа деректер пайда болғандықтан барған сайын қылмыстық істер саны да көбейіп барады. Бұған дейін билік "7 ақпанда болған жанжалға байланысты 25 қылмыстық іс қозғалды" деп мәлімдеген еді.
Марат Қожаев тергеудің қашан аяқталатынын айта алмады. Ол "жанжалдың ушығуына түрткі болған" ақсақалды ұрып-соғу фактісі бойынша да күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.
"Жанжал шығарып, полицияға бағынбағандар бойынша үш адам анықталып, ұсталды. Іс сотқа жіберілді. Қарт кісінің соқыға жығылу оқиғасында да онда да кінәлілер анықталып, ұсталды, қамалды. Қалған арандатушылар мен айтақтаушыларға қатысты ақпаратты сәл кейінірек аласыздар. Себебі қазір тергеу жүріп жатыр" деді Марат Қожаев.
227
Қордайдағы тәртіпсіздікке байланысты 90 қылмыстық іс қозғалды – вице-министр
Қордайдағы тәртіпсіздікке байланысты 90 қылмыстық іс қозғалды – вице-министр
Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты шамамен 90 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 19 ақпанда Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев хабарлады, деп жазады Сentralasian.org.