
Бауыржан Байбек Павлодар облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылайды

Бауыржан Байбек Павлодар облысының тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі өзекті мәселелерді талқылайды
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.
Елбасы, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Үкіметпен және өңірлік филиалдармен бірге аудандарды, қалалар мен облыстарды дамытудың 5 жылға арналған жаңа бағдарламаларын әзірлеу мақсатында дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бастаған жұмыс тобы еліміздің бүкіл өңірін аралап, жергілікті халықты толғандырып жүрген мәселелерді зерттеуге кіріскен болатын.
Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің фейсбук-парақшасында:
– Аймақтарға сапарымды жалғастырудамын. Бүгін және ертең Павлодар облысының бірқатар шалғай елдімекендерінің тұрғындарымен кездесіп, сол жерде көкейкесті мәселелерді талқылап, олардың шешімін бірге табуды жоспарлап отырмын.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне павлодарлықтардан келіп түскен өтініштерге және әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы ақпараттарға талдау жасау арқылы біз мемлекет тарапынан шешімін күткен бірінші кезектегі міндеттердің ауқымын анықтадық. Атап айтқанда, бұл – әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаның сапасы, сондай-ақ, тұрғын үй қорының мардымсыз жағдайы, елді мекендерді абаттандыру және тағы да басқа көптеген мәселелер.
[caption id="attachment_96828" align="alignnone" width="960"]
Сурет Б.Байбектің парақшасынан алынды[/caption]
Азаматтарымызды алаңдатып отырған мәселелер бүгінде әзірленіп жатқан аймақты дамытудың 5 жылдық бағдарламасына енгізіледі. Біз әр қаланы, ауданды және ауылды қамтуды жоспарлап отырмыз. Осы бағыттағы жұмыстарды партия орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып бірнеше айдан бері жүргізіп те келеді. «Nur Otan» түйінді мәселелерге құлақ асып қана қоймай, оларды шешу үшін нақты шараларды қолға алуы керек. Ол үшін бізде қажетті ресурстар бар, ең бастысы, қарапайым халық қолдап отыр, – деп жазды.
