349
Демалыс күндері Алматыда қалың қардан 82 көлік апаты тіркелді
Демалыс күндері Алматыда қалың қардан 82 көлік апаты тіркелді
«Көктайғақтың алдын-алу мақсатында қар жауған кезде жолдарға, жол қиылыстарына көктайғаққа қарсы 6900 тонна материал себілді. Көшелерді қардан тазартуға «Алматы тазалық» мекемесінен басқа 13 мердігер ұйым жұмылдырылды», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас АХМЕТҚАЛИЕВ.
Қар тазалайтын арнайы техникалардың кедергісіз жүруі үшін бұл іске жол полиция патрульдік автокөліктері де тартылды. Қар қалың жауған 16-сы күні қалада барлығы 82 жол-көлік апаты тіркеліпті.
«Өткен тәулікте 82 жол апаты тіркелді. 17 адам жарақат алды. Салыстырар болсақ, 17 ақпан күні 61 жол көлік апаты тіркеліп, онда 12 кісі жарақат алған. Жол апаты 25 пайызға өсті», - деп хабарлайды қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Төрехан ИСИН.
Қардың қалың жаууы салдарынан қалада 136 ағаш құлаған. Оның 56 жағдайында сынған ағаштың бұтақтары автокөліктерді басып қалған.
«Мұндай жәйттер әсіресе, Бостандық және Әуезов аудандарында көп кездесті. Құлаған ағаштың бұтақтары автокөліктерді басып қалған. Бүгінгі күні 101 өтінім орындалды. Оның 54-і бүгін тәулік бойы жасалады», – деді қалалық құтқару қызметінің басшысы Дмитрий ЧУХОНЦЕВ.
Бұл ретте құтқару қызметі қала тұрғындарын жүргіншілер жолынан өтерде абай болуға шықырды. Сондай-ақ, көліктерін ағаштың түбіне қоймауға кеңес берді.