Жамбыл облысы Қордай ауданына қарасты Қордай ауылында жеке тұрғын үйге су құбыры жүргізілді. Nur Otan партиясының Қордай аудандық филиалына қарауында балалар церебралды сал ауруы диагнозы қойылған 1 топтағы мүгедек қызы бар Нишанова Танзиляның үйіне су құбырын тарту өтініші келіп түсті. Нишановтар отбасы қыздары Бапалаева Сезімнің жәрдемақысына ғана күн көріп отыр. «Кедергіссіз келешек» жобасы аясында партияның аудандық филиалы аудан әкімі Б.Сахатовтың қабылдауында болып, су құбырын тарту бойынша жергілікті меценаттармен бірге көмек көрсетуге шешім қабылданды. Нәтижесінде Нишановтар үйіне су құбыры тартылып, жаңа санитарлық техника сатып алынды.
Жүктелуде...